Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 17-1 Қызметкер еңбек (қызмет) мiндеттерiн атқарған кезде оның өмiрi мен денсаулығына зиян келтiргенi үшiн 2005 жылғы 7 ақпандағы N 30


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 19.03.2024

Қызметкер еңбек (қызмет) мiндеттерiн атқарған кезде оның өмiрi мен денсаулығына зиян келтiргенi үшiн жұмыс берушiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы
17-1-бап. Сақтандыру сыйлықақысының мөлшерін ұлғайту

1. Егер сақтандыру жағдайы (сақтандыру жағдайлары) шарттың қолданылу кезеңінде сақтанушының кінәсінен болса, онда осы Заңның 17-бабына сәйкес есептелген сақтандыру сыйлықақысы түзету коэффициентіне көбейтіледі.

2. Түзету коэффициенті қызметкерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шартын жасасқан күннің алдындағы соңғы бес жылдың ішінде зардап шеккен қызметкерлердің орташа жылдық саны мен қызметкерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шартын жасасқан күні сақтанушы қызметкерлерінің тиісті жалпы саны негізінде айқындалады. Түзету коэффициенттерінің мәндері мынадай мөлшерлерде қолданылады: 

Зардап шеккен қызметкерлердің орташа жылдық саны  Қызметкерлердің жалпы саны 
100-ге дейін  101-ден 500-ге дейін  501-ден 1000-ға дейін  1001-ден 10000-ға дейін  10001-ден 20000-ға дейін  20000-нан астам 
2-ден 9-ға дейін  1,75 
10-нан 19-ға дейін  3,4  3,2  2,5  1,25  1,1 
20-дан 49-ға дейін  3,8  3,3  3,2  2,75  2,4  1,25 
50-ден 99-ға дейін  3,5  3,3  3,1  1,5 
100-ден 199-ға дейін    3,6  3,5  3,4 
200-ден 299-ға дейін    3,75  3,5  3,2 
300 және одан астам      3,8  3,6  3,5 

 

3. Егер сақтанушыдан өзгеше қызметті жүзеге асыратын филиал (филиалдар) сақтанушыда болған жағдайда, онда түзету коэффициенті барлық зардап шеккен қызметкерлердің орташа жылдық санын және жұмыс беруші мен оның филиалы (филиалдары) қызметкерлерінің жалпы санын ескере отырып есептелінеді.

4. Зардап шеккен қызметкерлер санын есептеу үшін қызметкерге кәсіптік еңбекке қабілеттілігінен айырылу дәрежесін 30-дан 100 пайызды қоса алғанға дейін белгілеуге не оның қайтыс болуына әкеп соққан жазатайым оқиғалар саны есепке алынады.

5. Түзету коэффициентін қолдану тәртібі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.

 Ескерту. Заң 17-1-баппен толықтырылды - ҚР 2009.12.30 № 234-IV (2011.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - ҚР 27.04.2015 № 311-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Статья 1 ...16‑1 17 17‑1 18 19 ...28

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

При проверки сотрудниками сейфа сигнализация сработала как нужно, сверили номера ружей, затем потребовали сертификат на сигнализацию который я не смог предоставить. Выписали штраф

Законно ли это действие Костанай


толық емес жұмыс уақыты бойынша еңбек шартына жыл сайынғы ақылы еңбек ақы төленеді ме?

Трудовой договор по совместительству смогу ли я получит ежегодный оплачиваемый отпуск?


здравствуйте 22.02.24. Составили протокол по 432-2 ст. Административное правонарушение . То что я как покурил бросил окурок на землю , но я не бросал его а положил на железное ограждения, и начал разгружать машину ,после собирался забрать и выбросить в урну, но подошли сотрудники, и составили протокол. Подскажите что делать. Я не подписывал протокол,а указал что не согласен





345 часть 3 получил ограничения свободы на 2 года 5 месяцев. Когда можно ходатайство подать, чтобы убрать ограничение свободы. Неше ай уакыт оту керек. Рахмет


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться