Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 17 Қызметкер еңбек (қызмет) мiндеттерiн атқарған кезде оның өмiрi мен денсаулығына зиян келтiргенi үшiн 2005 жылғы 7 ақпандағы N 30


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 19.03.2024

Қызметкер еңбек (қызмет) мiндеттерiн атқарған кезде оның өмiрi мен денсаулығына зиян келтiргенi үшiн жұмыс берушiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы
17-бап. Сақтандыру сыйлықақысының мөлшерiн айқындау және оны қызметкерді жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру шарты бойынша төлеудiң тәртiбi

1. Қызметкерді жазатайым оқиғалардан сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сыйлықақысы осы баптың 2-тармағында белгіленген, сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сомасына көбейтілген сақтандыру тарифінің негізінде тараптардың келісімімен айқындалады.

Сақтандырушы жылдық еңбекке ақы төлеу қорын айқындаған кезде әрбір қызметкердің тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген жалақының он еселенген ең төмен мөлшерінен аспайтын, он екіге көбейтілген ай сайынғы кірісі қабылданады.

Егер сақтандыру шартының қолданылу мерзімі ішінде еңбекке ақы төлеу қоры және (немесе) қызметкерлердің штат саны өзгерсе, онда тараптардың келісуі бойынша негізгі шарттың қолданылуы кезеңіне қосымша келісім жасасу арқылы сақтандыру шартына өзгерістер (сақтандыру сомасының және сақтандыру сыйлықақысының мөлшері бөлігінде) енгізіледі. Сақтандыру сыйлықақысы еңбекке ақы төлеу қорының өзгеруі сомасы және негізгі шарттың аяқталуына дейін қалған мерзім негізге алына отырып есептеледі. Сақтандыру тарифі сақтандыру шарты (негізгі шарт) жасалған тарифтен қалған сақтандыру кезеңіне пропорционалды түрде есептеледі.

2. Кәсiптiк тәуекел сыныбына қарай экономикалық қызмет түрлерi бойынша сараланған төмендегiдей сақтандыру тарифтерi белгiленсiн: 
Кәсіптік тәуекел сыныбы 
Сақтандыру тарифі 

0,12 % 

0,29 % 

0,48 % 

0,49 % 

0,52 % 

0,53 % 

0,54 % 

0,65 % 

0,56 % 
10 
0,88 % 
11 
0,75 % 
12 
0,76 % 
13 
1,29 % 
14 
1,55 % 
15 
1,13 % 
16 
1,17 % 
17 
1,21 % 
18 
2,43 % 
19 
1,75 % 
20 
2,05 % 
21 
2,54 % 
22 
2,96 % 
 

2-1. Егер осы баптың 1, 2-тармақтарына сәйкес есептелген сақтандыру сыйлықақысының мөлшері тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген жалақының ең төмен мөлшерінен аз болған жағдайда, онда қызметкерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сыйлықақысының мөлшері жалақының ең төмен мөлшерін құрайды. Бұл ретте, сақтандыру сомасы сақтандыру сыйлықақысы мөлшерінің ұлғаюына пропорционалды түрде ұлғайтылады.

3. Экономикалық қызмет түрлерiн кәсiптiк тәуекел сыныптарына жатқызу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.

Сақтанушы экономикалық қызметтің бірнеше түрін жүзеге асырған жағдайда, ол өзінің негізгі қызметі түріне сәйкес келетін кәсіптік тәуекел сыныбына жатқызылуға тиіс. Сақтанушы өндiрiстiң жалпы көлемiнде тең бөлінген экономикалық қызметтің бірнеше түрiн жүзеге асырған жағдайда, ол кәсiптiк тәуекелдiң неғұрлым жоғары сыныбы сәйкес келетiн экономикалық қызмет түрiне жатқызылуға тиiс.

Сақтанушыдан өзгеше қызметті жүзеге асыратын филиал (филиалдар) сақтанушыда болған жағдайда, ол өзінің кәсіптік тәуекел сыныбы сәйкес келетін экономикалық қызмет түріне жатқызылуға тиіс.

Бұл ретте, филиалда (филиалдарда) өзі (өздері) жүзеге асыратын экономикалық қызмет түрі туралы растауы болуға тиіс.

4. Сақтанушы сақтандыру сыйлықақысын қызметкерді жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру шартында көзделген тәртiппен және мерзiмде бiржолы немесе оның мерзiмiн ұзартып төлейдi. Егер қызметкерді жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру шартында өзгеше көзделмесе, сақтанушы кезектi сақтандыру жарнасын уақтылы төлемегенi үшiн сақтандырушыға Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде белгiленген тәртiппен және мөлшерде тұрақсыздық айыбын төлеуге мiндеттi.

5. Қызметкерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шартының қолданысы ішінде мен қызметкердің кәсіптік тәуекел сыныбы өзгерген жағдайда, сақтандыру сыйлықақысы қызметкерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шартының қолданылу мерзімі өткенге дейін қалған мерзімге барабар қайта есептеледі.

Ескерту. 17-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2007.05.07 N 244 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 27.04.2015 № 311-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 ...16 16‑1 17 17‑1 18 ...28

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

При проверки сотрудниками сейфа сигнализация сработала как нужно, сверили номера ружей, затем потребовали сертификат на сигнализацию который я не смог предоставить. Выписали штраф

Законно ли это действие Костанай


толық емес жұмыс уақыты бойынша еңбек шартына жыл сайынғы ақылы еңбек ақы төленеді ме?

Трудовой договор по совместительству смогу ли я получит ежегодный оплачиваемый отпуск?


здравствуйте 22.02.24. Составили протокол по 432-2 ст. Административное правонарушение . То что я как покурил бросил окурок на землю , но я не бросал его а положил на железное ограждения, и начал разгружать машину ,после собирался забрать и выбросить в урну, но подошли сотрудники, и составили протокол. Подскажите что делать. Я не подписывал протокол,а указал что не согласен





345 часть 3 получил ограничения свободы на 2 года 5 месяцев. Когда можно ходатайство подать, чтобы убрать ограничение свободы. Неше ай уакыт оту керек. Рахмет


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться