Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Қызметкер еңбек (қызмет) мiндеттерiн атқарған кезде оның өмiрi мен денсаулығына зиян келтiргенi үшiн жұмыс берушiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы
19-1-бап. Қызметкерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шарты бойынша сақтандыру төлемдерін жүзеге асырудың ерекшеліктері



Ст. 19-1 Қызметкер еңбек (қызмет) мiндеттерiн атқарған кезде оның өмiрi мен денсаулығына зиян келтiргенi үшiн 2005 жылғы 7 ақпандағы N 30




1. Сақтанушы «жалпы сақтандыру» саласындағы сақтандыру қызметін жүзеге асыратын сақтандырушымен қызметкерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шартын жасасқан жағдайда, осы сақтандырушы мынадай:

1) қызметкердің кемінде бір жыл мерзімге кәсіптік еңбекке қабілеттілігінен айрылу дәрежесін белгілеуге байланысты оның жалақысынан (табысынан) айрылуына қатысты зиянды өтеу;

2) сақтандыру жағдайы басталған кезде қызметкердің денсаулығының зақымдануынан туындаған шығыстарды өтеу бойынша сақтандыру төлемдерін жүзеге асырады.

Қызметкерге бір жыл және одан да көп мерзімге кәсіптік еңбекке қабілеттілігінен айрылу дәрежесін белгілеуге байланысты оның жалақысынан (табысынан) айрылуына қатысты зиянды өтеу ретінде тиесілі, сондай-ақ қызметкердің қайтыс болуына байланысты сақтандыру аннуитет шартына сәйкес аннуитеттік сақтандыруды жүзеге асыру құқығына лицензиясы бар сақтандыру ұйымы сақтандыру төлемін жүзеге асырады.

«Жалпы сақтандыру» саласындағы сақтандыру қызметін жүзеге асыратын сақтандырушы осы Заңның 20-бабының 2-тармағында көзделген құжаттарды алған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде аннуитеттік сақтандыруды жүзеге асыру құқығына лицензиясы бар сақтандыру ұйымына осы Заңға сәйкес ақша аударуды жүзеге асырады.

2. Сақтанушы аннуитеттік сақтандыру сыныбы бойынша «өмірді сақтандыру» саласындағы сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензиясы бар сақтандырушымен қызметкерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шартын жасасқан жағдайда, сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтандыру төлемдерін осы сақтандырушы осы Заңның 19-бабында көзделген тәртіппен жүзеге асырады.

 Ескерту. Заң 19-1-баппен толықтырылды - ҚР 2009.12.30 № 234-IV (2010.08.09 бастап қолданысқа енгізіледі және 2012.01.01 дейін қолданыста болады) Заңымен.


Статья 1 ...18 19 19-1 20 21 ...28 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Қызметкер еңбек (қызмет) мiндеттерiн атқарған кезде оның өмiрi мен денсаулығына зиян келтiргенi үшiн жұмыс берушiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы 2005 жылғы 7 ақпандағы N 30 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 19-1-бап Қызметкер еңбек (қызмет) мiндеттерiн атқарған кезде оның өмiрi мен денсаулығына зиян келтiргенi үшiн 2005 жылғы 7 ақпандағы N 30