Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Қызметкер еңбек (қызмет) мiндеттерiн атқарған кезде оның өмiрi мен денсаулығына зиян келтiргенi үшiн жұмыс берушiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы

Қызметкер еңбек (қызмет) мiндеттерiн атқарған кезде оның өмiрi мен денсаулығына зиян келтiргенi үшiн жұмыс берушiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы
19-бап. Зиянның мөлшерiн айқындау тәртібі. Қызметкердi жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру шарты бойынша сақтандыру төлемдерi



Ст. 19 Қызметкер еңбек (қызмет) мiндеттерiн атқарған кезде оның өмiрi мен денсаулығына зиян келтiргенi үшiн 2005 жылғы 7 ақпандағы N 30




1. Қызметкердiң қайтыс болуына немесе оған кәсiптiк еңбекке қабiлеттiлiгiнен айырылу дәрежесiн белгiлеуге байланысты табысты (кiрiсті) жоғалтуға қатысты зиянның мөлшерi Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiнiң талаптарына сәйкес айқындалады.

Өзіне кәсiптiк еңбекке қабiлеттiлiгiнен айырылу дәрежесiн бестен жиырма тоғыз пайызды қоса алғанға дейін белгiлеуге байланысты қызметкердің табысты (кiрiсті) жоғалтуына қатысты зиянды өтеуді сақтанушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.

Өзіне кәсiптiк еңбекке қабiлеттiлiгiнен айырылу дәрежесiн отыздан бір жүз пайызды қоса алғанға дейін белгiлеуге байланысты қызметкердің табысты (кiрiсті) жоғалтуына қатысты зиянды өтеу ретінде қызметкерге тиесілі ай сайынғы сақтандыру төлемін сақтандырушы жүзеге асырады.

Өтеуге жататын жоғалтылған табысты (кірісті) есептеу үшін ескерілетін орташа айлық табыстың (кірістің) мөлшері қызметкерді жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру шартын жасасу күні тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төмен жалақының он еселенген мөлшерінен аспайды.

Сақтандыру төлемінің мөлшері еңбекке қабiлеттiлiгiнен айырылу жағдайына Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлем шегеріліп жүзеге асырылады.

Өзіне кәсiптiк еңбекке қабiлеттiлiгiнен айырылу дәрежесiн бір жылдан аспайтын мерзiмге белгiлеуге байланысты қызметкердің табысты (кiрiсті) жоғалтуына қатысты зиянды өтеу ретiнде тиесiлi сақтандыру төлемiн сақтандырушы ай сайын аннуитет шарты негізінде жүзеге асырады. Бұл ретте, сақтандырушы бірінші сақтандыру төлемін осы Заңның 20-бабының 2-тармағында көзделген құжаттарды ұсынған кезден бастап жетi жұмыс күнi iшiнде жүзеге асырады.

Өзіне кәсiптiк еңбекке қабiлеттiлiгiнен айырылу дәрежесiн бір жыл және одан да көп мерзiмге белгiлеуге байланысты қызметкердің табысты (кiрiсті) жоғалтуына қатысты зиянды өтеу ретiнде тиесiлi сақтандыру төлемi осы Заңның 23-бабына сәйкес сақтанушымен жасалған аннуитет шартына сәйкес қызметкердiң кәсiптiк еңбекке қабiлеттiлiгiнен айырылу дәрежесiн белгiлеу не ұзарту (қайта куәландыру) мерзiмiне тең, бірақ қызметкердің Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасында белгіленген зейнеткерлік жасқа жетуі мерзімінен аспайтын мерзiм бойы қызметкердiң пайдасына аннуитеттiк төлемдер түрiнде жүзеге асырылады.

Табысты (кiрiсті) жоғалтуға байланысты зиянды өтеу ретiнде сақтандырушы жүзеге асыратын сақтандыру төлемдерінен міндетті зейнетақы жарналары ұсталады және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аударылады.

Жазатайым оқиға болған кезде қызметкердiң қайтыс болуына байланысты, сондай-ақ орын алған жазатайым оқиғаның салдарынан оның денсаулығының нашарлау себебi бойынша зиянды өтеу жөніндегі сақтандыру төлемi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес зиянды өтету құқығы бар тұлғалардың пайдасына аннуитеттiк төлемдер түрiнде Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде белгiленген мерзiм бойы жүзеге асырылады.

Осы Заңда көзделген жағдайларда, пайда алушылар болып табылатын өзге де тұлғалардың сақтандыру төлемiн алуға құқығы бар.

Аннуитет шарты бойынша аннуитеттiк төлемдерді есептеу тәртібі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтiк құқықтық актiсiнде айқындалады.

Өмiрi мен денсаулығына келтiрген зиян үшiн белгiленген тәртiппен жауапты деп танылған заңды тұлға таратылған жағдайда, зардап шеккен қызметкермен не қызметкердiң қайтыс болуына байланысты зиянды өтетуге Қазақстан Республикасының заңнамалық актісіне сәйкес құқығы бар адаммен осы Заңда көзделген тәртiппен аннуитет шарты жасалады.

2. Сақтандырушы қызметкерге кәсiптiк еңбекке қабiлеттiлiгiнен айырылу дәрежесi белгiленген жағдайда оның денсаулығының зақымдануынан туындаған қосымша шығыстарды өтеуді осы шығыстарды шеккен қызметкер не тұлға ұсынған, осы шығыстарды растайтын құжаттардың негізінде жүзеге асырады. Бұл ретте, Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасына сәйкес тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне кіретін шығыстар сақтандырушының өтеуіне жатпайды.

Денсаулықтың зақымдануынан туындаған қосымша шығыстарды өтеу жөніндегі сақтандыру төлемдерінің жиынтық мөлшері мынадай мөлшерлерден (республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгiленген айлық есептiк көрсеткiштерде) аспауға тиіс:

1) кәсiптiк еңбекке қабiлеттiлiгiнен айырылу дәрежесi отыздан елу тоғыз пайызды қоса алғанға дейiн белгiленген кезде – 500;

2) кәсiптiк еңбекке қабiлеттiлiгiнен айырылу дәрежесi алпыстан сексен тоғыз пайызды қоса алғанға дейiн белгiленген кезде – 750;

3) кәсiптiк еңбекке қабiлеттiлiгiнен айырылу дәрежесi тоқсаннан бір жүз пайызды қоса алғанға дейiн белгiленген кезде – 1000.

Денсаулықтың зақымдануынан туындаған қосымша шығыстарды өтеу жөніндегі сақтандыру төлемдерiн сақтандырушы осы шығыстарды шеккен қызметкер не тұлға осы шығыстарды растайтын құжаттарды ұсынған кезден бастап жеті жұмыс күні ішінде, осы тармақта белгіленген мөлшерлер шегінде жүзеге асырады.

Денсаулықтың зақымдануынан туындаған қосымша шығыстарды өтеу жөніндегі жиынтық сақтандыру төлемдерін сақтандырушы осы тармақтың екінші бөлігінде айқындалған мөлшерлер шегінде, кәсіптік еңбекке қабілеттілігінен айырылудың алғаш рет белгіленген тиісті дәрежесі бойынша жүзеге асырады.

3. Зардап шеккен қызметкер қайтыс болған жағдайда, оны жерлеудi жүзеге асырған тұлғаға сақтандырушы жерлеуге жұмсалған шығыстарды бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде өтейдi.

4. Егер осы бапта көзделген сақтандыру төлемiнiң (сақтандыру төлемдерiнiң) және (немесе) жерлеуге жұмсалған шығыстардың мөлшерi қызметкердi жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру шартында белгiленген сақтандыру сомасының мөлшерiнен асып түскен жағдайда, айырма сақтандырушыға сақтанушының есебiнен төленедi.

5. Сақтандыру төлемiн аударуға байланысты шығыстар сақтандырушының есебiнен жүргiзiледi.

Ескерту. 19-бап жаңа редакцияда - ҚР 27.04.2015 № 311-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).


Статья 1 ...17-1 18 19 19-1 20 ...28 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 19-бап Қызметкер еңбек (қызмет) мiндеттерiн атқарған кезде оның өмiрi мен денсаулығына зиян келтiргенi үшiн 2005 жылғы 7 ақпандағы N 30