Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Дамуға ресми көмек туралы
12-бап. Дамуға ресми көмекті іске асыру



Ст. 12 Дамуға ресми көмек туралы 2014 жылғы 10 желтоқсандағы № 263-V



 1. Дамуға ресми көмек мынадай нысандарда жүзеге асырылады:

1) халықаралық гранттар;

2) осы Заңда көзделген басым секторларда жаңа объектілерді құру (салу) не қолда бар объектілерді реконструкциялау;

3) жеңілдікті шарттардағы кредиттер;

4) халықаралық ұйымдарға дамуға ресми көмекке арналған ерікті жарналар;

5) әріптес елмен бірлескен қорлар құру;

6) техникалық көмек;

7) дамуға ресми көмек саласындағы халықаралық шарттар және басқа да міндеттемелер шеңберінде Қазақстан Республикасы қабылдаған өзге де нысандар.

 2. Қазақстан Республикасы көрсететін дамуға ресми көмекке:

1) әскери мақсаттарға арналған гранттар, қарыздар, кредиттер;

2) гуманитарлық көмек;

3) жеке тұлғаларға төленетін трансферттік төлемдер (зейнетақылар, өтемақылар, сақтандыру төлемдері);

4) қосарлы мақсаттағы тауарлардың жеткізілімдері жатпайды.

3. Жеңілдікті шарттарда кредиттер беруді және әріптес елмен бірлескен қорлар құруды Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша Қазақстан Республикасының уәкілетті қаржы институттары жүзеге асырады.

4. Дамуға ресми көмек:

1) екіжақты негізде – Қазақстан Республикасы мен әріптес елдің өзара іс-қимылы;

2) көпжақты негізде – әріптес донорлардың қатысуымен Қазақстан Республикасы мен әріптес елдің өзара іс-қимылы негізінде іске асырылады.

Статья 1 ...10 11 12 13 14 ...16 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Қазақстан Республикасындағы Дамуға ресми көмек туралы 2014 жылғы 10 желтоқсандағы № 263-V 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 12-бап Дамуға ресми көмек туралы 2014 жылғы 10 желтоқсандағы № 263-V