Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Тарихи-мәдени мұра объектiлерiн қорғау және пайдалану туралы

Тарихи-мәдени мұра объектiлерiн қорғау және пайдалану туралы
13-бап. Меншік иелерінің міндеттері



Ст. 13 Тарихи-мәдени мұра объектiлерiн қорғау және пайдалану туралы 1992 жылғы 2 шілдедегі N 1488-ХІІ



Тарих және мәдениет ескерткiштерiнiң меншiк иелерi оларды сақтау жөнiндегi қызметтi жүзеге асырады және:

1) тарих және мәдениет ескерткiштерiнiң сақталуын қамтамасыз ету жөнiнде шаралар қолдануға;

2) алынып тасталды - ҚР 2007.07.21 N 307 Заңымен.

3) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарын меншік құқықтарының болуы мүмкін немесе болған өзгерістері туралы хабардар етуге;

4) алынып тасталды - ҚР 2007.07.21 N 307 Заңымен.

5) халықаралық және республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінде ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүргізуді - уәкілетті органмен, жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінде ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүргізуді облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарымен келісуге;

6) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарымен жасалған арнайы шарттарда белгіленген тәртіп пен шекте тарих және мәдениет ескерткiшiне ғылыми, мәдени және өзге де мақсаттарда қол жеткiзудi қамтамасыз етуге мiндеттi.

Тарихи және мәдени ескерткіштердің меншік иелері мен оларды пайдаланушылардың міндеттемелері облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары беретін қорғау міндеттемесінде тіркеледі.

Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген міндеттемелер тарихи және мәдени ескерткіштерді пайдаланушыларға да бірдей дәрежеде қатысты.

Ескерту. 13-бап жаңа редакцияда - ҚР 2004.12.20 N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді), өзгерту енгізілді - 2007.07.21 N 307 Заңдары ымен.

Статья 1 ...11 12 13 14 15 ...43 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 13-бап Тарихи-мәдени мұра объектiлерiн қорғау және пайдалану туралы 1992 жылғы 2 шілдедегі N 1488-ХІІ