Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Тарихи-мәдени мұра объектiлерiн қорғау және пайдалану туралы

Тарихи-мәдени мұра объектiлерiн қорғау және пайдалану туралы
18-бап. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергiлiктi атқарушы органдарының құзыретi



Ст. 18 Тарихи-мәдени мұра объектiлерiн қорғау және пайдалану туралы 1992 жылғы 2 шілдедегі N 1488-ХІІ



Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдары:

1) тарихи-мәдени мұра объектілерін анықтауды, есепке алуды, қорғауды, пайдалануды және тарих және мәдениет ескерткіштерінде ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүргізуді қамтамасыз етеді;

2) алынып тасталды - ҚР 2007.07.21 N 307 Заңымен.

3) тиiстi аумақтардың экономикалық және әлеуметтiк даму жоспарларында жергiлiктi маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерін есепке алуды, қорғауды және оларда ғылыми-реставрациялау жұмыстарын ұйымдастыру жөнiндегi iс-шараларды көздейдi;

4) мемлекет меншігі болып табылатын, жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерін пайдалануға беру туралы мәселені шешеді;

5) алынып тасталды - ҚР 2007.07.21 N 307 Заңымен.

6) уәкiлеттi органмен келiсе отырып, қалаларды және басқа да елдi мекендердi жоспарлау, салу және қайта құру жобаларын әзiрлеу және бекiту кезiнде барлық санаттағы тарих және мәдениет ескерткiштерiн анықтау, зерделеу, сақтау жөнiндегi iс-шаралардың орындалуын, тарихи-сәулет тiрек жоспарларын және карта-схемаларды жасауды қамтамасыз етедi;

7) тарих және мәдениет ескерткiштерiн қорғау мiндеттемелерiн ресiмдейдi және оларды меншiк иелерi мен пайдаланушылардың орындауын бақылайды;

8) Қазақстан Республикасының тарих және мәдениет ескерткiштерiн қорғау және пайдалану туралы заңдарын бұзған жеке және заңды тұлғаларды жауапкершiлiкке тарту туралы өтiнiш жасайды;

9) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi өкiлдi органына тарих және мәдениет ескерткiштерiн қорғау жөнiнде комиссиялар құру туралы ұсыныстар енгізедi;

10) тарихи-мәдени мұра объектiлерiн анықтау, есепке алу, қорғау жөнiнде жұмыс жүргiзедi;

10-1) монументті өнердің жаңа құрылыстарын орнату жөніндегі жұмысты жүргізеді;

10-2) мемориалдық тақта орнату жөніндегі жұмысты жүргізеді;

11) тарих және мәдениет ескерткiштерi мен оларды қорғау аймақтары бойынша жұмыстардың барлық түрлерiне ғылыми-жобалық құжаттаманы, жоспарлау, салу және қайта жөндеу жобаларын қарайды және келiседi;

12) мүдделi мемлекеттiк органдармен келiсе отырып, тарих және мәдениет ескерткiштерi мен тарих және мәдениет ескерткiштерiмен байланысты қоршаған орта объектiлерiн қорғау мен пайдалануды жүзеге асырады;

13) тиісті аумақтарда жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің пайдаланылу және күтіп-ұстау тәртібін, сондай-ақ оларда археологиялық және ғылыми-реставрациялау жұмыстарының орындалуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

14) тарих және мәдениет ескерткіштерінің меншік иелеріне және пайдаланушыларына олардың осы Заңды бұзғаны туралы нұсқамалар береді;

15) Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген негіздерде және тәртіппен әкімшілік ықпал етудің өзге де шараларын қолданады;

16) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады;

17) тарихи-мәдени мұра объектiлерiн жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткiштерi деп таниды және тарихи-мәдени сараптама қорытындысының негізінде жергілікті маңызы бар Тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне қосады;

18) жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткішін мәртебесінен айырады және тарихи-мәдени сараптама қорытындысының және осы Заңның 5-бабының бесінші бөлігі талаптарының негізінде жергілікті маңызы бар Тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімінен шығарып тастайды.

Аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергiлiктi атқарушы органдары өз аумағында:

1) жеке және заңды тұлғалардың тарих және мәдениет ескерткiштерiн қамқорлыққа алуын ұйымдастыруға жәрдемдеседi;

2) жұртшылықты тарих және мәдениет ескерткiштерiн қорғау және насихаттау жөнiнде iс-шараларды жүргiзуге тартады;

3) Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану туралы заңдарының сақталуын қамтамасыз етедi;

4) уәкiлеттi органның ұсынуы бойынша, тарих және мәдениет ескерткiштерiне қауiп төндiретiн құрылыс және өзге де жұмыстарды тоқтата тұру, сондай-ақ оларға тыйым салу туралы мәселенi шешедi;

5) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдарына немесе уәкiлеттi органға өздерiнiң құзыретi шегiнде, тарих және мәдениет ескерткiштерiнiң бүлiнуiн, құлау қаупiн жою жөнiнде ұсыныстар енгiзедi;

6) тарихи-мәдени сараптама негізінде тарихи-мәдени мұра объектілерінің қорғалатындығын жариялау туралы ұсыныстар енгізеді;

7) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Ескерту. 18-бап жаңа редакцияда - ҚР 2004.12.20 N 13 (01.01.2005 бастап күшіне енеді), өзгерістер енгізілді - 2007.07.21 N 307, 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 28.10.2015 № 368-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...16 17 18 19 20 ...43 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 18-бап Тарихи-мәдени мұра объектiлерiн қорғау және пайдалану туралы 1992 жылғы 2 шілдедегі N 1488-ХІІ