Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Тарихи-мәдени мұра объектiлерiн қорғау және пайдалану туралы

Тарихи-мәдени мұра объектiлерiн қорғау және пайдалану туралы
20-1-бап. Мемлекеттік бақылау



Ст. 20-1 Тарихи-мәдени мұра объектiлерiн қорғау және пайдалану туралы 1992 жылғы 2 шілдедегі N 1488-ХІІ



1. Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылаудың мақсаты Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану саласындағы заңнамасын жеке және заңды тұлғалардың сақтауын қамтамасыз ету болып табылады.  

2. Уәкілетті орган жүзеге асыратын тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылау:  

1) барлық санаттағы тарих және мәдениет ескерткіштерін пайдаланудың жай-күйін және олардың күтіп-ұсталу тәртібін;  

2) монументті өнердің жаңа құрылыстарының орнатылуын; 

3) лицензиаттың берілген лицензия шарттарын сақтауын;  

4) халықаралық және республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі археологиялық және ғылыми-реставрациялау жұмыстарының орындалуын бақылауды қамтиды.  

3. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары жүзеге асыратын тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылау:  

1) жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерін пайдаланудың жай-күйін және оларды күтіп-ұстау тәртібін мемлекеттік бақылауды;  

2) жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі археологиялық және ғылыми-реставрациялау жұмыстарының орындалуын мемлекеттік бақылауды қамтиды.  

4. Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылауды уәкілетті орган, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары тексерулер нысанында жүзеге асырады.  

5. Алып тасталды - ҚР 2009.07.17. N 188-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен .  

6. Алып тасталды - ҚР 2009.07.17. N 188-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен .  

7. Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылау тексеру нысанында және өзге де нысандарда жүзеге асырылады.

 РҚАО-ның ескертпесі!

7-тармақтың екінші бөлігі жаңа редакцияда көзделген - ҚР 29.10.2015 № 376-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).

Тексеру "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттік бақылаудың өзге де нысандары осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.

Ескерту. 20-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2007.07.21. N 307 , өзгерістер енгізілді - 2009.07.17. N 188-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2011.01.06 N 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.10.2015 № 368-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен. 
4-тарау. Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану
саласын қаржыландыру
Ескерту. 4-тарау алып тасталды - Қазақстан Республикасының 2007.07.21. N 307 Заңымен.

Статья 1 ...19 20 20-1 21 22 ...43 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 20-1-бап Тарихи-мәдени мұра объектiлерiн қорғау және пайдалану туралы 1992 жылғы 2 шілдедегі N 1488-ХІІ