Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Тарихи-мәдени мұра объектiлерiн қорғау және пайдалану туралы

Тарихи-мәдени мұра объектiлерiн қорғау және пайдалану туралы
38-бап. Тарих және мәдениет ескерткіштерінің орнын ауыстыруға және оларды өзгертуге тыйым салу



Ст. 38 Тарихи-мәдени мұра объектiлерiн қорғау және пайдалану туралы 1992 жылғы 2 шілдедегі N 1488-ХІІ



1. Тарих және мәдениет ескерткіштерінің орнын ауыстыруға және оларды өзгертуге тыйым салынады.

Тарих және мәдениет ескерткішінің жетпіс процентінен астамы бұзылған не оның тарихи-мәдени құндылығы жоғалған, не орнын ауыстыру оның сақталу жағдайын жақсартатын болған жағдайда:

1) халықаралық және республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштеріне уәкілетті органның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен;

2) жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштеріне облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының ұсынуы бойынша уәкілетті органның шешімімен уәкілетті органның арнайы комиссиясымен келісе отырып тарихи-мәдени сараптама қорытындысы негізінде ғана олардың орнын ауыстыруға және өзгертуге жол беріледі.

2. Мұндай шешім алған жеке және заңды тұлғалар ескерткіштің орнын ауыстыруды немесе оларды өзгертуді жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шарттардың сақталуын қамтамасыз етуге міндетті, ал уәкілетті орган тарих және мәдениет ескерткішін ғылыми зерделеу және тіркеу бойынша жұмыстар жүргізуге міндетті.

3. Аталған жұмыстарды жүзеге асыруға байланысты шығыстар тарих және мәдениет ескерткішінің орнын ауыстыруға немесе оларды өзгертуге шешім алған жеке және заңды тұлғалардың есебінен жүргізіледі.

Ескерту. 38-бап жаңа редакцияда - ҚР 2007.07.21 N 307 Заңымен.

Статья 1 ...36 37 38 39 40 ...43 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 38-бап Тарихи-мәдени мұра объектiлерiн қорғау және пайдалану туралы 1992 жылғы 2 шілдедегі N 1488-ХІІ