Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Тарихи-мәдени мұра объектiлерiн қорғау және пайдалану туралы

Тарихи-мәдени мұра объектiлерiн қорғау және пайдалану туралы
4-бап. Тарих және мәдениет ескерткіштерінің түрлері, оларды қорғау және пайдалану



Ст. 4 Тарихи-мәдени мұра объектiлерiн қорғау және пайдалану туралы 1992 жылғы 2 шілдедегі N 1488-ХІІ



1. Тарих және мәдениет ескерткіштері мынадай түрлерге бөлінеді: 

1) қала құрылысы және сәулет ескерткіштері; 

2) археология ескерткіштері; 

3) ансамбльдер. 

2. Тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау және пайдалану: 

1) тарихи-мәдени мұра объектілерін анықтауға, зерттеуге және насихаттауға; 

2) тарихи-мәдени мұра объектілеріне тарих және мәдениет ескерткіштері мәртебесін бекітуге; 

3) жоюдан, тағылық актілерінен, өңін айналдырудан, жалған дәріптеуден, бұрмалаудан, орынсыз өзгерістер енгізуден, тарихи түпмәтіннен үзіп тастаудан қорғауды қамтамасыз етуге; 

4) археологиялық және ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүргізу жолымен қайта түлетуге және сақтауға; 

5) олардың сақталуы қамтамасыз етілетін нормаларға сәйкес күтіп-ұсталуына; 

6) этномәдени ортаны қайта түлету процесінде, сондай-ақ ғылыми және тәрбиелік мақсаттарда пайдалануға бағытталған шаралар жүйесін қамтиды.  

Ескерту. 4-бап жаңа редакцияда - ҚР 2007.07.21 N 307 Заңымен.

Статья 1 2 3 4 5 6 ...43

Перейти к статье







Добавить комментарий к 4-бап Тарихи-мәдени мұра объектiлерiн қорғау және пайдалану туралы 1992 жылғы 2 шілдедегі N 1488-ХІІ