Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Тарихи-мәдени мұра объектiлерiн қорғау және пайдалану туралы

Тарихи-мәдени мұра объектiлерiн қорғау және пайдалану туралы
40-бап. Археологиялық ескерткіштерде қазба және барлау жұмыстарын жүргізу



Ст. 40 Тарихи-мәдени мұра объектiлерiн қорғау және пайдалану туралы 1992 жылғы 2 шілдедегі N 1488-ХІІ



Археологиялық ескерткіштерде қазба және барлау жұмыстарын жүргізуге лицензиясы бар болған жағдайда ғана жол беріледі.

Қазақстан Республикасының аумағында тарих және мәдениет ескерткіштерінде археологиялық және (немесе) ғылыми-реставрациялау жұмыстарына лицензияны облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдарымен келiсiм бойынша уәкiлеттi орган береді.

Қазақстан аумағындағы археологиялық зерттеулер нәтижесінде Қазақстан Республикасының және басқа да мемлекеттердің жеке және заңды тұлғалары алған барлық материалдар мен олжалар ғылыми тіркелгеннен және өңделгеннен кейін уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен Қазақстан Республикасының мемлекеттік музейлеріне беріледі. Оларды Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге әкетуге тыйым салынады.

Ескерту. 40-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2004.12.20 N 13 (01.01.2005 бастап күшіне енеді), 2007.07.21 N 307; 28.10.2015 № 368-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...38 39 40 41 42 43 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 40-бап Тарихи-мәдени мұра объектiлерiн қорғау және пайдалану туралы 1992 жылғы 2 шілдедегі N 1488-ХІІ