Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Тарихи-мәдени мұра объектiлерiн қорғау және пайдалану туралы
5-бап. Тарихи-мәдени мұра объектiлерiнiң мәртебесi



Ст. 5 Тарихи-мәдени мұра объектiлерiн қорғау және пайдалану туралы 1992 жылғы 2 шілдедегі N 1488-ХІІ



Тарихи-мәдени мұра объектiлерi тарих және мәдениет ескерткіштері мәртебесiн осы Заңда белгiленген тәртiппен өздерi тарих және мәдениет ескерткіші деп танылған кезден бастап иеленедi.

Тарихи-мәдени мұра объектiлерiн Тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енгiзу туралы шешiм қабылдау үшiн құжаттар Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен ұсынылады.

Тарихи-мәдени мұра объектiлерiн тарих және мәдениет ескерткiштерi деп тану оларды мiндеттi түрде ресми жариялануға тиiстi халықаралық, республикалық және жергiлiктi маңызы бар Тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімінде бекiту арқылы баянды етiледi. Археология ескерткіштері олар анықталған кезден бастап тарих және мәдениет ескерткіштері мәртебесін алады.

Қазақстан Республикасындағы тарих және мәдениет ескерткiштерi, осы Заңда көзделген тәртiппен мiндеттi түрде қорғалуға және сақталуға жатады, оларды пайдаланудың, оларды меншiктену құқығын өзгертудiң және оларды мәртебеден айырудың ерекше құқықтық режимi болады.

Тарих және мәдениет ескерткiшiн мәртебесiнен айыруға және Тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімінен шығарып тастауға объект толық түгел жойылған және (немесе) тарихи-мәдени мәнін жоғалтқан жағдайда ғана жол беріледі.

Жаңадан анықталған тарихи-мәдени мұра объектілері алдын ала есепке алу тізіміне енгізіледі және олар өздерінің мәртебесi туралы түпкiлiктi шешiм қабылданғанға дейiн, осы Заңға сәйкес тарих және мәдениет ескерткiштерiмен бiрдей қорғалуы тиiс.

Ескерту. 5-бап жаңа редакцияда - ҚР 2004.12.20 N 13 (01.01.2005 бастап күшіне енеді) Заңымен, өзгерістер енгізілді - ҚР 2007.07.21 N 307; 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

Статья 1 ...3 4 5 6 7 ...43 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Тарихи-мәдени мұра объектiлерiн қорғау және пайдалану туралы 1992 жылғы 2 шілдедегі N 1488-ХІІ 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 5-бап Тарихи-мәдени мұра объектiлерiн қорғау және пайдалану туралы 1992 жылғы 2 шілдедегі N 1488-ХІІ