Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Селекциялық жетiстiктердi қорғау туралы
19-бап. Ашық лицензия



Ст. 19 Селекциялық жетiстiктердi қорғау туралы 1999 жылғы 13 шілдедегі N 422



Патент иеленушi кез келген тұлғаға селекциялық жетiстiктi пайдалануға лицензия алу құқығын беру туралы уәкiлеттi органға өтiнiш бере алады (ашық лицензия).

Аталған лицензияны алуға тiлек бiлдiрген тұлға патент иеленушiмен төлемдер туралы шарт жасасып, оны мiндеттi түрде уәкiлеттi органда тiркетуге мiндеттi. Шарт жөнiндегi дауларды сот қарайды.

Патент иеленушiнiң ашық лицензияға құқық беру туралы өтiнiшi бюллетеньде ашық лицензия туралы мәлiметтер жарияланған күннен бастап үш жыл бойы өз күшiн сақтайды. Аталған мерзiм шегiнде патенттi күшiнде ұстау үшiн төленетiн ақы ашық лицензия туралы мәлiметтер жарияланған жылдан кейiнгi жылдан бастап елу процентке кемiтiледi.

Ескерту. 19-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.07.09. N 586 Заңымен.

Статья 1 ...17-1 18 19 20 20-1 ...29 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Селекциялық жетiстiктердi қорғау туралы 1999 жылғы 13 шілдедегі N 422 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 19-бап Селекциялық жетiстiктердi қорғау туралы 1999 жылғы 13 шілдедегі N 422