Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Селекциялық жетiстiктердi қорғау туралы
3-2-бап. Селекциялық жетiстiктердi қорғау саласындағы мемлекеттiк монополия



Ст. 3-2 Селекциялық жетiстiктердi қорғау туралы 1999 жылғы 13 шілдедегі N 422



1. Өтінім материалдарына, қорғау құжатына және өсімдіктердің қорғалатын сорттары мен жануарлар тұқымдары бойынша мемлекеттік тізілімге өзгерістер енгізуді; Селекциялық жетiстiктердiң мемлекеттiк тiзiлiмiнен үзінді көшірме ұсынуды; өтініш берушінің белгiленген мерзiм аяқталған күннен бастап алты айға дейін өткізіп алған ақы төлеу мерзімін қалпына келтіруді; автордың куәлігін, қосымшаларды және олардың телнұсқаларын беруді; қорғау құжатының қолданылу мерзімін күшінде ұстап тұруды, ұзартуды және қорғау құжатын беру, күшінде ұстап тұру, ұзарту туралы мәліметтерді жариялауды; ашық лицензия беруге арналған өтінім қабылдауды; шарттардың қосымша келісімдеріне сараптама жүргізуді, шарттарды тіркеу туралы мәліметтер жариялауды; патенттік құжаттаманы (нөмірленген немесе атауы жазылған) іздестіруді; баспа және электрондық басылымдарды өткізуді және жариялауды; кепіл шартына сараптама жүргізуді қоса алғанда, селекциялық жетiстiктерге өтiнiмдер қабылдау және өтінімдерге алдын ала сараптама жүргiзу, патенттi немесе селекциялық жетiстiктерге патент алу құқығын басқаға беру шарттарына, лицензиялық (қосалқы лицензиялық) шарттарға сараптама жүргiзу, Селекциялық жетiстiктердiң мемлекеттiк тiзiлiмiн жүргiзу, селекциялық жетістіктер туралы  мәліметтерді жариялау, қорғау құжаттарын беруге дайындау жөніндегі  қызмет мемлекеттiк монополияға жатады және оны Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша шаруашылық жүргiзу құқығындағы  республикалық мемлекеттiк кәсiпорынның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған сараптама ұйымы жүзеге асырады.

2. Сараптама ұйымының қызметімен технологиялық байланысты қызметке:

1) өтінім материалдарының көшірмелерін әзірлеу;

2) селекциялық жетістіктерге арналған қорғау құжаттары бойынша анықтамалар, статистикалық мәліметтер ұсыну;

3) төлемдерді қайта есепке алу және растау жатады.

3. Мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын монополияға қарсы органмен келісу бойынша уәкілетті орган белгілейді.

Ескерту. 1-тарау 3-2-баппен толықтырылды - ҚР 2004.07.09 N 586 Заңымен; жаңа редакцияда - ҚР 2012.07.10 N 34-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен; өзгеріс енгізілді - ҚР 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен. 
2-тарау. Селекциялық жетістіктің патентке қабілеттілігі

Статья 1 ...3 3-1 3-2 4 5 ...29 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Селекциялық жетiстiктердi қорғау туралы 1999 жылғы 13 шілдедегі N 422 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 3-2-бап Селекциялық жетiстiктердi қорғау туралы 1999 жылғы 13 шілдедегі N 422