Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы

Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы
23-бап. Жануарлар дүниесiн пайдалану



Ст. 23 Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы от 9 июля 2004 года N 593



1. Жануарлар дүниесiн пайдалану жалпы және арнайы пайдалану тәртiбiмен жүзеге асырылады. 

2. Жануарлар дүниесiнiң объектiлерi Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес пайдалануға берiледi. 

3. Реинтродукциялау мақсатында аулауды қоспағанда, жануарлар дүниесiн арнайы пайдалануға жануарлар дүниесi объектiлерiн және олардың тiршiлiк ету өнiмдерiн мекендеу ортасынан алып қоя отырып пайдалану жатады. 

4. Жануарлар дүниесiн жалпы пайдалануға жануарлар дүниесi объектiлерiн, сондай-ақ олардың пайдалы қасиеттерiн мекендейтiн ортасынан алмай пайдалану жатады. 

5. Жануарлар дүниесiн мемлекеттiк орман қорының аумағында және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда пайдалану Қазақстан Республикасының орман заңнамасы мен Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласы заңнамасының талаптары ескерiле отырып жүзеге асырылады. 

5-1. Фермерлік аңшылық шаруашылықтарында еріксіз және (немесе) жартылай ерікті жағдайларда өсірілген және ұсталатын жануарларды пайдалануды олардың иеленушілері айқындайды. 

6. Жануарлар дүниесi объектiлерiн биологиялық қару ретiнде пайдалануға тыйым салынады. 

Ескерту. 23-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 15.06.2017 № 73-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...22 22-1 23 24 25 ...61 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 23-бап Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы от 9 июля 2004 года N 593