Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы

Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы
26-бап. Жануарлар дүниесiн пайдалануға беру



Ст. 26 Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы от 9 июля 2004 года N 593



1. Жануарлар дүниесi арнайы пайдалануға Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен берiлетiн жануарлар дүниесiн пайдалануға арналған рұқсаттар негiзiнде берiледi. 

1-1. Алынып тасталды - ҚР 2011 жылғы 15 шілдедегі № 461-IV (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 

1-2. Рұқсат беруден: 

1) өтінімде көрсетілген мәліметтерді толық көлемде бермеген; 

2) өтінімде көрсетілген мәліметтер дұрыс болмаған; 

3) мемлекеттік экологиялық сараптаманың теріс қорытындысы болған не ол болмаған жағдайларда бас тартылады. 

1-3. Аулаған жері туралы анықтаманы өтініш беруші жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсатын берген кезде балықтар мен басқа да су жануарларының ауланған жері бойынша уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшелері өтініш келіп түскен кезден бастап екі жұмыс күні ішінде береді. 

Жасанды жағдайларда өсірілген балықтар мен басқа да су жануарлары үшін аулаған жері туралы анықтама жасанды өсірілгендігін растайтын құжаттар ұсынған кезде беріледі. 

Аулаған жері туралы анықтама жазуға жануарлар дүниесi объектілерін алып қоюдың белгіленген лимиті және жасанды өсірумен айналысатын ұйымның жобалық қуаты шегінде рұқсат етіледі. 

2. Жануарлар дүниесiн жалпы пайдалану, оның ішінде бір балықшы бір шыққанда бес килограмға дейін алып шыға отырып, балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерiнiң резервтiк қорында әуесқойлық (спорттық) балық аулау қандай да бiр рұқсатсыз жүзеге асырылады. 

Ескерту. 26-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2007.01.09 N 213, 2010.01.21 № 242-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз), ҚР 2011.07.15 № 461-IV (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 15.06.2017 № 73-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...24 25 26 27 28 ...61 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 26-бап Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы от 9 июля 2004 года N 593