Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы

Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы
27-бап. Жануарлар дүниесiн пайдаланушылардың құқықтары мен мiндеттерi



Ст. 27 Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы от 9 июля 2004 года N 593




1. Жануарлар дүниесiн пайдаланушылар арнайы пайдалану кезiнде: 

1) жануарлар дүниесiнiң өздерiне рұқсат етiлген түрлерiн ғана пайдалануды жүзеге асыруға; 

2) жануарлар дүниесi объектiлерiн оларды беру шарттарына сәйкес пайдалануға; 

3) ауланған жануарлар дүниесi объектiлерiн, оның ішінде аң аулау және балық аулау олжаларын және бұл ретте алынған өнiмдi меншiктенуге, сондай-ақ оларды тасымалдауға және сатуға; 

4) алып тасталды - ҚР 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен; 

5) жануарлар дүниесін пайдалану үшiн жеке және заңды тұлғалармен шарттар жасасуға; 

6) белгіленген сервитутқа сәйкес аңшылық және балық шаруашылықтарының мұқтаждарына арналған уақытша құрылыстар салуға; 

6-1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген нормаларға және қағидаларға сәйкес қорықшыларды қызметтік қарумен қамтамасыз етуге; 

7) аң-құс өсіруді жүзеге асыруға және аң-құс (еріксіз және (немесе) жартылай ерікті жағдайларда) өсіру үшін бөлінген аумақта әуесқойлық (спорттық) аң аулауды жүргізуге, сондай-ақ аң-құс өсіру нәтижесінде өсімі молайған жануарларды өз бетінше пайдалануға құқығы бар. 

2. Жануарлар дүниесiн пайдаланушылар арнайы пайдалану кезiнде: 

1) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарын сақтауға; 

2) жануарлар дүниесiн пайдаланғаны үшiн Қазақстан Республикасының салық заңдарында белгiленген тәртiппен уақтылы төлемдер жасауға; 

3) шаруашылықiшiлiк аңшылық ұйымдастыруды жүргiзуге; 

4) алып тасталды - ҚР 15.06.2017 № 73-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

5) жануарлар мекендейтiн ортаның нашарлауына жол бермеуге; 

6) жануарлар дүниесiн халық пен қоршаған ортаға қауiпсiз, табиғи үйiрлер тұтастығының бұзылуына және жануарларға қатысты қатыгездiкке жол берiлмейтiн тәсiлдермен пайдалануға; 

7) жануарлар дүниесiнің пайдаланылған объектiлерiнiң санын жыл сайын есепке алуды жүргiзуге және Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен есептiлiктi табыс етуге; 

8) жануарлар дүниесi объектiлерiн, оның iшiнде сирек кездесетiн және құрып кету қауіпі төнгендерiн қорғау мен олардың өсімін молайтуды қамтамасыз етуге және олардың санының азаюына жол бермеуге; 

9) шаруашылықішілік аңшылық ісін ұйымдастыруға және балық шаруашылығы субъектілерін дамыту жоспарларына сәйкес жануарлар дүниесi объектiлерiнiң өсiмiн молайтуды қамтамасыз ететiн қажеттi iс-шараларды жүргiзуге; 

10) осы Заңның 49-бабына сәйкес жүргiзiлетiн, Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуын мемлекеттiк бақылау және қадағалау мақсатында тексерудi жүзеге асыруға кедергi жасамауға; 

11) мыналарды жүзеге асыру үшін: 

бақылау үшін аулауды – уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесіне; 

ғылыми-зерттеу үшін аулауды - жеке және заңды тұлғаларға; 

әуесқойлық (спорттық) балық аулауды – жеке адамдарға; 

әуесқойлық (спорттық) аң аулауды – жеке адамдарға сервитут беруге; 

12) уәкілетті органмен келісім бойынша биологиялық негіздеменің негізінде бекітіліп берілген балық шаруашылығы су айдынында және (немесе) учаскесінде балық шаруашылық мелиорациясын, балық ресурстарының және басқа да су жануарларының кәсіпшілік қорының деректерін жыл сайын түзетуді жүргізуге; 

13) аншлагтар орнатуға; 

14) әрбір балық шаруашылығы су айдынында және (немесе) учаскесінде, кемеде (балық аулайтын және көліктік), қабылдау пунктінде, бригадада немесе звенода балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулауды есепке алу журналын (кәсіпшілік журналын) жүргізуге және уәкілетті органның ведомствосы және оның аумақтық бөлімшелері лауазымды адамдарының талабы бойынша оны ұсынуға; 

15) уәкілетті орган белгілеген тәртіппен және мерзімдерде ведомствоның аумақтық бөлімшесіне жеке және заңды тұлғалармен жануарлар дүниесін пайдалануға жасалған шарттар туралы, оның ішінде оларды бұзу туралы ақпарат жіберуге; 

16) уәкілетті орган белгілеген тәртіппен және мерзімде, оған балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулап алу, су айдынындағы кәсіпшілік жағдай, уәкілетті орган бекіткен нысандарға сәйкес берілген жолқұжаттар туралы мәліметтер беруге; 

17) қоршаған ортаға эмиссияны жүзеге асырған кезде Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне сәйкес экологиялық рұқсат алуға; 

18) қорықшыларды көлік, байланыс құралдарымен, айырым белгілері бар арнайы киіммен, қорықшының төс белгісімен, қорықшының куәлігімен қамтамасыз етуге; 

19) өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтауға; 

20) жеке адамдарға олардың ауызша және жазбаша өтініштері бойынша әуесқойлық (спорттық) аң аулауға және әуесқойлық (спорттық) балық аулауға жолдама беруге; 

21) аңшылық шаруашылығының ішкі регламентін бекітуге; 

22) зоологиялық коллекцияны жасау туралы уәкілетті органның ведомствосына хабарлауға; 

РҚАО-ның ескертпесі!

2-тармақты 23) тармақшамен толықтыру көзделген - ҚР 15.06.2017 № 73-VI Заңымен (01.07.2018 бастап қолданысқа енгізіледі).

Өтініш берушілер уәкілетті органның ведомствосына хабарламалар беруді "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында айқындалған тәртіппен қызметтің немесе әрекеттердің жүзеге асырылуы басталғанға дейін кемінде он жұмыс күні бұрын жүзеге асырады. 

3. Жануарлар дүниесiн пайдаланушылар жалпы пайдалану кезiнде жануарлар дүниесi объектiлерiн өздерiнiң мәдени және эстетикалық қажеттерiн қанағаттандыру үшiн пайдалануға құқығы бар. 

4. Жануарлар дүниесiн пайдаланушылар жалпы пайдалану кезiнде: 

1) Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы заңдарының талаптарын сақтауға; 

2) жануарлар мекендейтiн ортаның нашарлауына жол бермеуге; 

2-1) өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтауға; 

3) Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген жануарлар дүниесiн қорғау, өсімін молайту және пайдалану жөнiндегі өзге де талаптарды орындауға мiндеттi. 

5. Жануарлар дүниесiн пайдаланушылардың қызметiне мемлекеттiк органдар, лауазымды адамдар мен ұйымдар тарапынан заңсыз араласуға тыйым салынады. 

Ескерту. 27-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2006.01.31 N 125 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2010.01.21 № 242-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз), 2011.12.03 N 505-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 15.06.2017 № 73-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.


Статья 1 ...25 26 27 28 29 ...61 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 27-бап Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы от 9 июля 2004 года N 593