Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы
3-бап. Жануарлар дүниесiнiң санаттары



Ст. 3 Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы от 9 июля 2004 года N 593



1. Жануарлар дүниесi мақсатты пайдалану жағынан мынадай санаттарға бөлiнедi:

1) жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерi;

2) жануарлардың аң аулау объектiлерi болып табылатын түрлерi;

3) жануарлардың балық аулау объектiлерi болып табылатын түрлерi;

4) жануарлардың өзге де шаруашылық мақсаттарда (аң аулау мен балық аулаудан басқа) пайдаланылатын түрлерi;

5) жануарлардың шаруашылық мақсаттарда пайдаланылмайтын, бiрақ экологиялық, мәдени және өзге де құндылығы бар түрлерi;

6) жануарлардың халықтың денсаулығын сақтау, ауыл шаруашылығы және басқа да үй жануарларын аурудан алдын ала қорғау, қоршаған ортаға зиян келтiрiлуiн болдырмау, ауыл шаруашылығы қызметiне айтарлықтай зиян келтiру қаупiнiң алдын алу мақсатында саны реттелуге тиiс түрлерi.

2. Жануарлардың түрлерiн санаттарға бөлу және оларды бiр санаттан басқасына ауыстыру жануарлар дүниесiнiң түрлiк сан алуандығын сақтау, оларды қорғау, өсiмiн молайту және орнықты пайдалану мақсатында жүргiзiледi.

Ескерту. 3-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2010.01.21 № 242-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңымен.

Статья 1 2 3 4 5 ...61 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы от 9 июля 2004 года N 593 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 3-бап Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы от 9 июля 2004 года N 593