Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Күзет қызметi туралы
1-1-бап. Мемлекеттік күзетілуге жататын объектілер



Ст. 1-1 Күзет қызметi туралы 2000 жылғы 19 қазандағы N 85



 1. Аса маңызды мемлекеттік және стратегиялық объектілер; стратегиялық маңызы бар және жарғылық капиталында акцияларының бақылау пакетін (қатысу үлестерін) мемлекет тікелей немесе жанама түрде иеленетін заңды тұлғаларға тиесілі экономика салаларының объектілері мемлекеттік күзетілуге жатады.

Мемлекеттiк күзетiлуге жататын объектiлердi күзетудi Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдары, iшкi iстер органдарының мамандандырылған күзет бөлiмшелерi, Қарулы Күштерi, басқа да әскерлерi мен әскери құралымдары, сондай-ақ арнаулы мемлекеттік органдары жүзеге асырады.

2. Мемлекеттік күзетілуге жататын объектілерді айқындау тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.

Мемлекеттік күзетілуге жататын объектілердің тізбелерін Қазақстан Республикасының Президенті немесе Қазақстан Республикасының Үкіметі өздерінің өкілеттіктеріне сәйкес бекітеді.

3. Мемлекеттік күзетілуге жататын объектілердің бірінші басшылары Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын талаптарға сәйкес олардың инженерлік-техникалық нығайтылуын қамтамасыз етуге міндетті.

4. Күзет қызметiн көрсету саласында бәсекелестiк ортаны қалыптастыру мақсатында осы баптың екінші бөлігінде көрсетілген тізбеге енгізілмеген объектілерді күзетуді жеке күзет ұйымдары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке және заңды тұлғалармен жасалған шарттардың негiзінде жүзеге асыра алады.

 Ескерту. Заң 1-1-баппен толықтырылды - ҚР 2010.12.29 № 372-IV (Заң қолданысқа енгiзiлген күннен бастап бiр жыл өткен соң қолданысқа енгiзiледі) Заңымен, өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.02.13 № 553-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

Статья 1 1-1 2 3 ...23 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Күзет қызметi туралы 2000 жылғы 19 қазандағы N 85 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 1-1-бап Күзет қызметi туралы 2000 жылғы 19 қазандағы N 85