Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Күзет қызметi туралы
20-бап. Мемлекеттік бақылау



Ст. 20 Күзет қызметi туралы 2000 жылғы 19 қазандағы N 85



1. Қазақстан Республикасының аумағында күзет қызметіне, мамандандырылған оқу орталықтарының қызметіне, сондай-ақ күзет дабылы құралдарын монтаждау, баптау және оларға техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметке мемлекеттік бақылауды Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес уәкілетті орган мен оның аумақтық құрылымдық бөлімшелері жүзеге асырады.

2. Мемлекеттік бақылаудың өзге де нысандары осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.

3. Күзет қызметіне, мамандандырылған оқу орталықтарының қызметіне, сондай-ақ күзет дабылы құралдарын монтаждау, баптау және оларға техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметке мемлекеттік бақылаудың өзге де нысандары алдын алу-профилактикалық іс-шаралар болып табылады, олардың нәтижелері бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалмай, тексерілетін субъектіге оны жою тәртібі түсіндіріле отырып нұсқама жасалады.

Мемлекеттік бақылаудың өзге де нысандары есептілікті сұрату және талдау, мониторинг, есепке алу нысанында жүзеге асырылады.

 Ескерту. 20-бап жаңа редакцияда - ҚР 29.10.2015 № 376-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).

Статья 1 ...18 19 20 21 22 23 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Күзет қызметi туралы 2000 жылғы 19 қазандағы N 85 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 20-бап Күзет қызметi туралы 2000 жылғы 19 қазандағы N 85