Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Жедел-iздестiру қызметi туралы
12-бап. Жедел-iздестiру шараларын жүргiзу шарттары



Ст. 12 Жедел-iздестiру қызметi туралы 1994 жылғы 15 қыркүйектегі




1. Адамдардың азаматтығы, жынысы, ұлты, тұрғылықты жерi, әлеуметтiк, лауазымдық және мүлiктiк жағдайы, қандай қоғамдық бiрлестiктерге жататындығы, дiнге қатынасы мен саяси сенiмi, егер заңмен өзгеше белгiленбесе, Қазақстан Республикасының аумағында оларға қатысты жедел-iздестiру шараларын жүргiзуге кедергi бола алмайды.

2. Жалпы және арнаулы жедел-іздестіру іс-шараларын жедел-іздестіру қызметін жүзеге асырушы барлық органдар өздеріне жүктелген міндеттерге сәйкес жүргізеді.

Жедел-іздестіру қызметін жүзеге асырушы органдар Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде жедел-іздестіру іс-шараларын қылмыстық-атқару жүйесінің уәкілетті органымен немесе оның аумақтық бөлімшелерімен өзара іс-қимыл жасаса отырып жүргізуге құқылы.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің жедел қамтамасыз ету объектілеріндегі және күзет іс-шараларын жүргізу аймағындағы жедел-іздестіру іс-шаралары Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметімен келісу бойынша жүзеге асырылады.

3. Жедел-iздестiру шараларын жүргiзуге құқығы бар қызметтердiң, бөлiмшелердiң және қызметкерлер санаттарының тiзбесiн жедел-iздестiру қызметiн жүргiзушi органдардың басшылары белгiлейдi.

 4. Арнаулы жедел-іздестіру іс-шаралары:

1) егер тексерілетін адам үшінші тұлғаның телефонын немесе өзге де сөйлесу құрылғысын пайдаланады деген мәліметтер болса немесе үшінші тұлға телефонды және басқа да сөйлесу құрылғыларын пайдаланып, тексерілетін адам үшін не тексерілетін адамнан басқа адамдарға беру үшін ақпаратты алады деген мәліметтер болса, тексерілетін адамға не үшінші тұлғаға қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 232-бабының төртінші бөлігінде көрсетілген қылмыстарды анықтау, олардың алдын алу және жолын кесу және ақпараттың мазмұнын материалдық жеткізгіште тіркеу мақсатында;

2) тергеуден, анықтаудан, соттан жасырынып жүрген және Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 232-бабының төртінші бөлігінде көрсетілген қылмыстарды жасағаны үшін қылмыстық жауаптылықтан жалтарып жүрген, сондай-ақ хабарсыз кеткен адамдарды іздестіру жөніндегі шараларды жүзеге асыру үшін прокурордың санкциясымен ғана жүргізіледі.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 232-бабының төртінші бөлігінде көзделген қылмыстарды, сондай-ақ қылмыстық топ дайындайтын және жасайтын қылмыстарды анықтау, олардың алдын алу және жолын кесу мақсатында тексерілетін адамдарға қатысты арнаулы жедел-іздестіру іс-шаралары прокурордың санкциясымен жүргізіледі.

Осындай іс-шараларды жүргізуге санкцияны жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын органдардың қаулысы бойынша Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры, оның бірінші орынбасары не орынбасарлары, Бас әскери прокурор, облыстардың прокурорлары мен  оларға теңестірілген прокурорлар береді.

Осы Заңның 6-бабында тізбеленген барлық органдардың міндеттерді шешуі мүддесінде байланыс желісін пайдалануға байланысты арнаулы жедел-іздестіру іс-шараларын техникалық жағынан Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары жүзеге асырады, бұл үшін оларға қажетті күштер мен қаражаттар бөлінеді.

Байланыс желісін пайдалануға байланысты арнаулы жедел-іздестіру іс-шараларын ұйымдастыру және оларды жүргізу тактикасы Қазақстан Республикасының Бас Прокурорымен келісу бойынша жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын органдардың бірінші басшыларының бірлескен нормативтік құқықтық актісімен айқындалады.

Барлау ақпаратын алу, Қазақстан Республикасының әскери қауіпсіздігін және күзетілетін адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында сыртқы барлау саласындағы уәкілетті орган, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери барлау органдары және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі Қазақстан Республикасының аумағында байланыс қызметтері мен құралдарын беретін жеке және заңды тұлғалардың стационарлық аппаратурасы мен байланыс желілеріне қосылуды болғызбайтын телекоммуникациялар желілерін пайдалана отырып, арнаулы жедел-іздестіру іс-шараларын жүзеге асыруға құқылы.

5. Тек қана Қазақстан Республикасының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мақсатында барлау және қарсы барлау ақпаратын алу, шет мемлекеттердің, шетелдік ұйымдардың арнаулы қызметтерiнің және жекелеген адамдардың барлау-нұқсан келтіру мақсатындағы қолсұғушылықтарын анықтау, олардың алдын алу және жолын кесу, сондай-ақ экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі қарсы барлау шараларын қамтамасыз ету үшін арнаулы жедел-іздестіру іс-шаралары Қазақстан Республикасының Бас Прокурорымен келiсiлген тәртiппен жүзеге асырылуы мүмкiн.

6. Жекелеген адамдардың өмiрiне, денсаулығына, меншiгiне қауiп төнген жағдайда олардың өтiнiшi немесе жазбаша келiсiмi бойынша жедел-iздестiру қызметiн жүргiзушi орган басшысы бекiткен қаулы негiзiнде, 24 сағаттың iшiнде мiндеттi түрде прокурорды хабардар ете отырып, қаулы шығарылған кезден бастап олардың телефондары немесе басқа да сөйлесу құрылғылары арқылы жүргізілетін сөйлесулердi тыңдауға және жазып алуға рұқсат етiледi.

 7. Кейінге қалдыруға болмайтын және ауыр және аса ауыр қылмыстардың, сондай-ақ қылмыстық топ дайындайтын және жасайтын қылмыстардың жасалуына әкеп соғуы мүмкін жағдайларда, жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын тиісті орган басшыларының біреуінің уәжді қаулысы негізінде, прокурорды хабардар ете отырып және кейіннен, қаулы шығарылған кезден бастап жиырма төрт сағат ішінде санкция ала отырып, арнаулы жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуге жол беріледі.

Белгіленген мерзімде прокурордың санкциясы алынбаған кезде арнаулы жедел-іздестіру іс-шарасы дереу тоқтатылуға жатады.

Судьяға қатысты арнаулы жедел-іздестіру іс-шаралары прокурордың санкциясымен ғана жүргізілуі мүмкін.

8. Арнаулы жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуге санкция алу кезінде прокурорға құпия көмекшілер мен штаттағы жасырын қызметкерлердің жеке басы туралы мәліметтердің құпиясын ашуға мүмкіндік бермейтін нысанда және мазмұнда оларды жүргізу үшін негіздеме материалдар табыс етіледі.

Арнаулы жедел-іздестіру іс-шарасының нәтижесі туралы оны жүргізуге санкция берген прокурор хабардар етіледі.

9. Жасырын жедел-iздестiру шараларын ұйымдастыру және оларды жүргiзу тактикасы "Мемлекеттiк құпиялар туралы" Қазақстан Республикасының Заңы негiзiнде Қазақстан Республикасының Үкiметi  бекiтетiн Құпияландыруға жататын мағлұматтар тiзбесiне сәйкес қызметтiк, әскери және мемлекеттiк құпияны құрауы мүмкiн.

Ескерту. 12-бапқа өзгерістер енгiзiлдi - ҚР Президентiнiң   1995.12.25 N 2725, заң күші бар Жарлықтарымен, ҚР 1996.07.15 N 31-І, 2001.03.16 N 163, 2001.07.16 N 244, 2002.02.19 N 295, 2002.07.10 N 338, 2002.08.09 N 346, 2004.07.09 N 592, 2004.12.29 N 25, 2005.07.08 N 67-ІІІ (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.07.17 N 187-IV, 2009.12.07 N 221-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз), 2010.05.27 № 279-IV, 2011.11.29 N 502-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.01.18 N 547-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2013.01.08 N 63-V (алғашқы ресми жариялағанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 07.04.2014 N 185-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 04.07.2014 N 233-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 03.11.2014 N 244-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.


Статья 1 ...10 11 12 13 14 ...25 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Жедел-iздестiру қызметi туралы 1994 жылғы 15 қыркүйектегі 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 12-бап Жедел-iздестiру қызметi туралы 1994 жылғы 15 қыркүйектегі