Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Жедел-iздестiру қызметi туралы
16-бап. Жедел-iздестiру шараларын тоқтату негiздерi



Ст. 16 Жедел-iздестiру қызметi туралы 1994 жылғы 15 қыркүйектегі



Жедел-iздестiру шаралары:

- жедел-iздестiру қызметiн жүргiзу арқылы шешу көзделген
мiндеттер орындалған ретте;

- алға қойылған мiндеттердiң шешiлуi объективтi түрде мүмкiн еместiгiн растайтын жағдайлар анықталған ретте;

- тексерiлетiн адамды Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген негiздер бойынша жауапқа тартуға болмайтын жағдайлар анықталған кезде;

- жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыру кезінде заңның, адам мен азаматтың құқықтары бұзылуы анықталған жағдайда жедел-іздестіру қызметін жүзеге асырушы жоғары тұрған органның, прокурордың қаулысы не соттың шешімі бойынша тоқтатылады.

Жедел-iздестiру шаралары жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асырушы органдардың қалыптық құжаттарында көзделген мерзiмде Қазақстан Республикасы Бас прокурорының келiсiмiмен жүзеге асырылады, тоқтатыла тұрады, тоқтатылады.

  Ескерту. 16-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2009.07.17 N 187-IV Заңымен.  
  4-бөлiм. Жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асырушы органдардың өзара iс-қимылы

Статья 1 ...14-1 15 16 17 18 ...25 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Жедел-iздестiру қызметi туралы 1994 жылғы 15 қыркүйектегі 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 16-бап Жедел-iздестiру қызметi туралы 1994 жылғы 15 қыркүйектегі