Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Қазақстан Республикасының қаржы полициясы органдары туралы
6-бап. Уәкiлеттi орган



Ст. 6 Қазақстан Республикасының қаржы полициясы органдары туралы



1. Уәкiлеттi орган экономикалық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету мақсатында экономикалық, қаржылық және сыбайлас жемқорлық қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу, оларды анықтау, жолын кесу, ашу және тергеу жөнiндегi басшылықты, сондай-ақ заңдарда көзделген шектерде салааралық үйлестiрудi және өзге де арнайы атқарушылық және рұқсат етушiлiк функцияларды жүзеге асырады.

2. Уәкiлеттi орган:

1) қаржы полициясының органдары мен ведомстволық бағыныстағы мекемелер қызметiнiң негiзгi бағыттары бойынша олардың iс-қимылына басшылықты, оның үйлестiрiлуi мен келiсiмдiлiгiн қамтамасыз етедi;

2) қаржы полициясы органдарының жедел-iздестiру, әкiмшiлiк, тергеу және анықтау қызметiнiң практикасына талдау жасайды;

3) экономикалық, қаржылық және сыбайлас жемқорлық қылмыстар мен құқық бұзушылықтарға қарсы күрестiң нысандары мен әдiстерiн жетiлдiредi, жедел-iздестiру қызметiнiң стратегиясы мен тактикасын белгiлейдi, қаржы полициясы органдары қызметiнiң тиiмдiлiгiн арттыру жөнiндегi шараларды әзiрлейдi және iске асырады;

4) қаржы полициясы органдары бөлiмшелерiнiң жұмысына бақылау жасайды;

5) Қазақстан Республикасының экономикалық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiнде басқа мемлекеттiк органдармен өзара iс-қимыл жасайды;

6) қаржы полициясы органдарының мамандарын даярлауды және кадрларының бiлiктiлiгiн арттыруды ұйымдастырады;

7) қаржы полициясы органдары қызметiнiң басым бағыттарын белгiлейдi, оларды iске асырудың құқықтық, ұйымдық және экономикалық тетiктерiн әзiрлейдi;

8) экономикалық, қаржылық және сыбайлас жемқорлық қылмыстар мен құқық бұзушылықтарға қарсы күрес мәселелерi бойынша шет мемлекеттердiң тиiстi органдарымен өзара iс-қимыл жасайды, өз өкiлеттiктерi шегiнде халықаралық ұйымдардың қызметiне қатысады;

8-1) қылмыстар профилактикасы, азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын, қоғамның және мемлекеттiң мүдделерiн қорғау, халық тарапынан сенiм мәселелерiне басымдық берiп, өкiлдi органдар мен жұртшылық беретiн сыртқы бағалау тетiктерiн айқындай отырып, сыбайлас жемқорлық деңгейiнiң рейтингтiк бағасын енгiзiп, есептiлiк және қызметтi бағалау жүйесiн жетiлдiредi, сондай-ақ азаматтық қоғам институттарымен ынтымақтастықтың әртүрлi нысандарын белгiлейдi;

9) өз өкiлеттiгi шегiнде нормативтiк құқықтық актiлердi қабылдайды;

10) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентiнiң актiлерiнде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

3. Уәкiлеттi органның, оның бөлiмшелерiнiң, сондай-ақ ведомстволық бағыныстағы мекемелерi қызметiнiң негiзгi мәселелерiн қарау үшiн уәкiлеттi орган басшысының жанынан консультациялық-кеңесшi орган болып табылатын алқа құрылады.

Ескерту. 6-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2005.07.08 N 76, 2011.01.06 N 379-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.  

Статья 1 ...4 5 6 7 8 ...25 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Қазақстан Республикасының қаржы полициясы органдары туралы 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 6-бап Қазақстан Республикасының қаржы полициясы органдары туралы