Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Қазақстан Республикасының қаржы полициясы органдары туралы

Қазақстан Республикасының қаржы полициясы органдары туралы
8-бап. Қаржы полициясы органдарының мiндеттерi



Ст. 8 Қазақстан Республикасының қаржы полициясы органдары туралы



1. Қаржы полициясының органдары өздерiнiң алға қойған мiндеттерiне сәйкес, өз өкiлеттiктерi шегiнде:

1) жасалған немесе жасалуға әзiрленiп жатқан қылмыстар туралы мәлiмдемелер мен хабарларды қабылдауға, тiркеуге және қарауға, қылмыстардың жолын кесу, оларды ашу, қылмыс жасаған адамдарды ұстау және қоғамға қауiптi салдарына жол бермеу жөнiнде дер кезiнде шаралар қолдануға;

2) Қазақстан Республикасының қылмыстық iс жүргiзу заңдарында көзделген тәртiппен анықтау мен алдын ала тергеудi жүзеге асыруға;

3) әкiмшiлiк құқық бұзушылықтардың алдын алуға, оларды анықтауға және жолын кесуге;

4) жедел-iздестiру шараларын жүзеге асыру, қылмыстық процесте пайдалану үшiн олардың нәтижелерiн тiркеп қою арқылы қылмыстарды анықтауды, алдын алуды, жолын кесудi және ашуды қамтамасыз етуге, өзiнiң iс жүргiзуiндегi қылмыстық iстер бойынша жедел-iздестiру шараларын жүргiзу туралы тергеушiнiң жазбаша тапсырмалары мен прокурордың нұсқауларын, сондай-ақ соттың қаулыларын орындауға;

5) мыналарды:

қаржы полициясы органдарының қарауына жатқызылған қылмыстық iстер және әкiмшiлiк құқық бұзушылық жөнiндегi iстер бойынша адамдарды;

жүрген жерi белгiсiз болған кезде соттың қаулысы бойынша мемлекет мүддесiне орай талап қоюлар бойынша жауапкерлердi iздестiрудi жүзеге асыруға;

6) экономикалық құқық бұзушылықтар келтiрген мүлiктiк зиянның өтелуiн қамтамасыз ету үшiн шаралар қолдануға;

7) экономикалық, қаржылық және сыбайлас жемқорлық қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алуға, оларды анықтауға және жолын кесуге;

8) қылмыстық процеске қатысушы адамдарды мемлекеттiк қорғау жөнiнде заң актiлерiнде көзделген шараларды қолдануға;

9) мемлекеттiк және заңмен қорғалатын өзге де құпияларды, сондай-ақ жүктелген мiндеттердi атқару кезiнде алынған басқа да ақпаратты сақтауға;

10) қаржы мониторингi жөнiндегi уәкiлеттi органның сұратуы бойынша заңсыз жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өздерiнiң ақпараттық жүйелерiнен мәлiметтер табыс етуге мiндеттi.

2. Қызметкерлерi азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерiн бұзған жағдайда қаржы полициясының органдары бұзылған құқықты қалпына келтiруге, келтiрiлген залалды өтеуге, кiнәлi адамдарды жауапқа тартуды қамтамасыз етуге мiндеттi.

Ескерту. 8-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2005.07.08 N 76, 2009.08.28 N 192-IV (2010.03.08 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.  

Статья 1 ...6 7 8 9 13 ...25 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 8-бап Қазақстан Республикасының қаржы полициясы органдары туралы