Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 9 Қазақстан Республикасының қаржы полициясы органдары туралы


Утратил силу

Қазақстан Республикасының қаржы полициясы органдары туралы
9-бап. Қаржы полициясы органдарының құқықтары

1. Қаржы полициясының органдары өздерiне жүктелген мiндеттердi орындау үшiн өз өкiлеттiктерi шегiнде және заңда белгiленген тәртiппен:

1) жалпы және арнайы жедел-iздестiру шараларын жүзеге асыруға;

2) iс жүргiзуде жатқан материалдар мен қылмыстық iстер бойынша құжаттарға, материалдарға, статистикалық ақпаратқа және өзге мәлiметтерге қол жеткiзуге, сондай-ақ ұйымдардың басшылары мен басқа да лауазымды адамдарынан, жеке тұлғалардан оларды берудi талап етуге, олардың көшiрмелерiн түсiруге, түсiнiктемелер алуға;

3) iс жүргiзуде жатқан қылмыстық iстер бойынша шақыру бойынша келуден жалтарып жүрген адамдарды күштеп әкелуге;

4) Қазақстан Республикасының қылмыстық iс жүргiзу заңдарына және әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңдарына сәйкес құжаттарды, тауарларды, заттарды немесе өзге де мүлiктi алып қоюға немесе арасынан алуды жүргiзуге;

5) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртiппен тиiстi уақытша ұстау изоляторларын, тергеу изоляторларын пайдалануға;

6) ұсталғандарды және қамауға алынған адамдарды күзетпен алып жүруге;

7) қаржы полициясы органдарының қарауына жатқызылған мәселелер бойынша шет мемлекеттердiң тиiстi органдарымен, халықаралық ұйымдармен қарым-қатынас жасауға;

8) әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстердi хаттамаға түсiру және қарау, әкiмшiлiк ұстауды жүзеге асыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңдарында көзделген басқа да шараларды қолдануға;

9) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда уәкiлеттi органдардан және лауазымды адамдардан ревизиялар, тексерiстер, аудит және баға беру iсiн жүргiзудi талап етуге;

10) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен қаржы полициясы органдарына жүктелген мiндеттердi шешудi қамтамасыз ететiн ақпарат жүйелерiн құру және пайдалану, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша алдын ала тергеу, анықтау, iс жүргiзу барысында зерттеулер ұйымдастыруға;

11) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен ғылыми-зерттеу, оқыту, баспа қызметiн жүзеге асыруға;

12) жеке және заңды тұлғаларға қылмыстар және өзге де құқық бұзушылықтар жасауға ықпал еткен себептер мен жағдайларды жою туралы орындалуға мiндеттi нұсқамалар мен ұсынымдар беруге құқылы.

2. Қаржы полициясы органдарының қызметкерлерi Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен қару, оқ-дәрi, арнайы құралдар сақтауға, алып жүруге және қолдануға, сондай-ақ қажет кезiнде бiлек күшiн, соның iшiнде күрестiң жауынгерлiк тәсiлдерiн де қолдануға құқығы бар.

Ескерту. 9-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2010.03.19 № 258-IV Заңымен. 4-тарау. ҚАРЖЫ ПОЛИЦИЯСЫ ОРГАНДАРЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРIНIҢ БIЛЕК КҮШIН, АРНАЙЫ ҚҰРАЛДАР ЖӘНЕ ҚАРУ ҚОЛДАНУЫ  Ескерту. 4-тарау алып тасталды - ҚР 2011.01.06 N 379-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен. 5-тарау. ҚАРЖЫ ПОЛИЦИЯСЫ ОРГАНДАРЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРIНIҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАҒДАЙЫ  Ескерту. 5-тарау жаңа редакцияда - ҚР 2011.01.06 N 379-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.  
Статья 1 ...7 8 9 13 14 ...25

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

13-бап

1. Әркiмнiң құқық субъектiсi ретiнде танылуына құқығы бар және өзiнiң құқықтары мен бостандықтарын, қажеттi қорғанысты қоса алғанда, заңға қайшы келмейтiн барлық тәсiлдермен қорғауға хақылы.

2. Әркiмнiң өз құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы қорғалуына құқығы бар.

3. Әркiмнiң біліктi заң көмегiн алуға құқығы бар. Заңда көзделген реттерде заң көмегi тегiн көрсетiледi.

Заң көмегі қажет болса көрсетілген номерларга коңырау немесе хабарламалалар жіберуге болады "WhatsApp"


Статья 13 Конституции РК

1. Каждый имеет право на признание его правосубъектности и вправе защищать свои права и свободы всеми не противоречащими закону способами, включая необходимую оборону.

2. Каждый имеет право на судебную защиту своих прав и свобод.

При необходимости прошу звонить или писать на номера указанных в профиле!!!


Подскажите пожалуйста. Что значит «с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортным средством сроком на 10/десять/лет»

Человека лишили водительских прав или его лишили права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами?

Приговор был такой:

………….. признать виновным в совершении уголовного правонарушения, предусмотренного ст. 345-1 ч.1 УК и назначить ему наказание в виде лишения свободы сроком 6/шеть месяцев, с отбыванием наказания в учреждении уголовно-исполнительной системы минимальной безопасности, с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами сроком на 10 /десять/ лет.

Избрать в отношении …………..., до вступления приговора в законную силу, меру пресечения в виде содержания под стражей, взяв под стражу в зале суда.

Срок наказания в отношении ……………. в виде лишения свободы, исчислять с момента взятия под стражу.




Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться