Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 1-1 Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiк органдары туралы 1995 жылғы 21 желтоқсандағы N 2710


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 20.04.2018

Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiк органдары туралы
1-1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 

1) астыртын әрекет ету – құпия ақпарат көздерін жедел шифрлау және оларға қолжетімділікті жабу жолымен қарсы барлау күштерін, құралдарын, іс-қимылдарын, жоспарлары мен ниеттерін жасыру және қадағалаудың ерекше тәртібін белгілеу; 

2) алып тасталды - ҚР 28.12.2016 № 36-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін екі ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

3) техникалық барлауға қарсы іс-қимыл – мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтердің техникалық арналар бойынша таралып кетуін, бағдарламалық және аппараттық-бағдарламалық құралдарды қоса алғанда, оларға техникалық құралдармен әдейі әсер етуді болғызбауға бағытталған ақпараттық қауіпсіздік саласындағы қызмет; 

Ескерту. Заң 1-1-баппен толықтырылды - ҚР 2012.02.13 № 553-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен; өзгерістер енгізілді - ҚР 28.12.2016 № 36-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін екі ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.12.2017 № 128-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 1‑1 2 3 ...28

Перейти к статье






Добавить комментарий к 1-1-бап Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiк органдары туралы 1995 жылғы 21 желтоқсандағы N 2710