Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiк органдары туралы
13-1-бап. Ресми алдын ала ескерту



Ст. 13-1 Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiк органдары туралы 1995 жылғы 21 желтоқсандағы N 2710



Ресми алдын ала ескертуді (бұдан әрі – алдын ала ескерту) жазбаша нысанда хабарлау туралы шешімді Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органының уәкілетті басшысы тексеру аяқталғаннан және жеке немесе заңды тұлғаның қылмыстық құқық бұзушылықтар жасауға жағдайлар туғызатын іс-әрекет (әрекет немесе әрекетсіздік) жасағаны туралы алынған мәліметтер расталғаннан кейін қабылдайды. 

Алдын ала ескертуге қол қою құқығы Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасына немесе оның орынбасарларына, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті ведомстволарының директорларына, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің аумақтық органдарының бастықтарына тиесілі. 

Тергеп-тексерілуі Қазақстан Республикасының заңнамасымен ұлттық қауіпсіздік органдарының қарауына жатқызылған қылмыстық құқық бұзушылықтар жасау үшін жағдайлар туғызатын іс-әрекет (әрекет немесе әрекетсіздік), жеке немесе заңды тұлға оны жасағаны үшін алдын ала ескертілетін бұл іс-әрекетке (әрекетке немесе әрекетсіздікке) жол беруге болмайтыны және жауаптылық туралы көрсетіле (келтіріле) отырып, алдын ала ескерту нақты жеке тұлғаға немесе заңды тұлғаның басшысына (лауазымды адамына) жіберілуге тиіс. 

Алдын ала ескертуде жеке немесе заңды тұлғаға оның алдын ала ескертуге Қазақстан Республикасының жоғары тұрған ұлттық қауіпсіздік органына, прокуратураға немесе сотқа шағым жасау құқығы түсіндіріледі. 

Алдын ала ескерту хабарланғаннан кейін оның көшірмесі жиырма төрт сағат ішінде прокурорға жіберіледі. 

Ұлттық қауіпсіздік органдары хабарланған алдын ала ескертулерді есепке алуды жүргізеді. 

Ескерту. 3-тарау 13-1-баппен толықтырылды - ҚР 03.11.2014 № 244-V Заңымен (02.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).

Статья 1 ...12 13 13-1 14 15 ...28 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 13-1-бап Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiк органдары туралы 1995 жылғы 21 желтоқсандағы N 2710