Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiк органдары туралы

Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiк органдары туралы
15-2-бап. Дене күшін қолдану



Ст. 15-2 Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiк органдары туралы 1995 жылғы 21 желтоқсандағы N 2710



1. Ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілерінің азаматтардың өміріне, денсаулығына, құқықтарына, бостандығына, жеке басының қадір-қасиетіне, олардың және мемлекеттің меншігіне және қорғалатын мүдделеріне қол сұғатын қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылықтардың жолын кесу, құқық бұзушылықтардың сипаты мен нақты жағдайларды ескере отырып, қоғамға қауіпті іс-әрекеттер жасаған адамдарды ұстап алу, заңды талаптарға қарсы іс-қимылды еңсеру үшін, егер күш қолданбау тәсілдері ұлттық қауіпсіздік органдарына жүктелген міндеттердің орындалуын қамтамасыз етпесе, дене күшiн, оның iшiнде жауынгерлiк күрес тәсiлдерiн қолдануға құқығы бар. 

2. Ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкері мен әскери қызметшісінің осы Заңда арнайы құралдарды немесе қаруды қолдану рұқсат етілген барлық жағдайларда дене күшiн қолдануға құқығы бар. 

Ескерту. 15-2-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 03.07.2014 № 227-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).

Статья 1 ...15 15-1 15-2 15-3 15-4 ...28 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 15-2-бап Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiк органдары туралы 1995 жылғы 21 желтоқсандағы N 2710