Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiк органдары туралы

Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiк органдары туралы
17-бап. Ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлері және әскери қызметшілері



Ст. 17 Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiк органдары туралы 1995 жылғы 21 желтоқсандағы N 2710



1. Ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлері қызметін "Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес өткереді. 

Ұлттық қауіпсіздік органдарының әскери қызметшілері әскери қызметін "Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7, 12, 15, 16, 17, 18, 19, 22, 24, 29, 30, 31, 32, 33, 34, 35, 36, 37, 40, 50 және 75-баптарында көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып, Қазақстан Республикасының әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы заңнамасына сәйкес өткереді. 

2. Әскери қарсы барлау органдары Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінен, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарынан ауыстырылған әскери қызметшілерден жасақталуы мүмкін. 

3. Мемлекеттiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi мiндеттердi шешу үшiн ұлттық қауiпсiздiк органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілері белгiленген тәртiппен арнаулы мемлекеттік органдарда қызметте және мерзімді әскери қызметте қалдырыла отырып, басшыларының келiсiмiмен мемлекеттiк органдарға, сондай-ақ ұйымдарға iссапарға жiберiлуi мүмкiн. 

4. Қызметкерлер ұлттық қауiпсiздiк органдарында арнайы есепте тұрады. 

Ұлттық қауіпсіздік органдарының офицерлік құрамы мен солдаттар, матростар, сержанттар мен старшиналар лауазымдарында келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілері ұлттық қауіпсіздік органдарының кадрларында, қолданыстағы резервте немесе запаста тұрады. 

5. Ұлттық қауіпсіздік органдарының қолданыстағы резервіне қызметкерлерді және әскери қызметшілерді қабылдау және олардың қызметті өткеру тәртібін Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы белгілейді. 

Ескерту. 17-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.02.13 № 553-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен, өзгерістер енгізілді - ҚР 2013.01.16 № 71-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен; 03.07.2013 № 121-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңымен; 13.11.2015 № 398-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...15-4 16 17 18 19 ...28 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 17-бап Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiк органдары туралы 1995 жылғы 21 желтоқсандағы N 2710