Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Қазақстан Республикасының Iшкi iстер органдары туралы

Қазақстан Республикасының Iшкi iстер органдары туралы
21-бап. Ішкі істер органдары қызметкерлерінің, олардың отбасы мүшелерінің әлеуметтік кепілдіктері



Ст. 21 Қазақстан Республикасының Iшкi iстер органдары туралы 2014 жылғы 23 сәуірдегі № 199-V



1. Осы Заңда белгіленген ішкі істер органдарында қызмет атқарудың ерекше сипаты мен қызметкерлердің жауапкершілігі қосымша әлеуметтік құқықтармен және жеңілдіктермен өтеледі.

2. Ішкі істер органдары қызметкерінің бiр елді мекеннен елу километрден асатын қашықтықтағы екiншi елді мекенге көшуiне байланысты қызметi ауысқан және жоғарылаған кезде оған қызметкердің өзiне екi айлық ақшалай қамтылым мөлшерінде және онымен бiрге көшкен әрбiр отбасы мүшесiне жарты айлық ақшалай қамтылым мөлшерінде көтерме жәрдемақы төленедi.

Ішкі істер органдары қызметкерінің қызметi ауысқан және жоғарылаған кезде оған он тоннаға дейінгі жеке мүлкінің тасымалы үшін, сондай-ақ онымен бiрге көшкен отбасы мүшелерiн қоса алғанда, теміржол, су, автомобиль көлігінің жолақысы үшін шығындардың мемлекет есебінен орны толтырылады.

Ақшалай ризықты, жәрдемақыларды және өзге де төлемақыларды төлеу тәртібін Ішкі істер министрі белгілейді.

Қызметiн ауыстырған және жоғарылаған кезде көтерме жәрдемақыға, көліктің жолақысы үшін және жеке мүлкін тасымалдағаны үшін шығындардың орнын толтыруға құқығы бар ішкі істер органдары қызметкерлерінің тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.

3. Ішкі істер органдарында қызмет өткеру кезеңінде мемлекеттік наградалармен – ордендермен марапатталған ішкі істер органдарының қызметкерлеріне қызметтен шығарылған кездегі біржолғы жәрдемақы мөлшері ақшалай қамтылымының екі айлықақысына арттырылады.

4. Жергілікті өкілді және атқарушы органдар ішкі істер органдарының қызметкерлеріне осы Заңда көзделмеген қосымша әлеуметтік қорғау кепілдіктерін белгілеуге құқылы.

Статья 1 ...19 20 21 22 23 ...25 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 21-бап Қазақстан Республикасының Iшкi iстер органдары туралы 2014 жылғы 23 сәуірдегі № 199-V