Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 5 Қазақстан Республикасының Iшкi iстер органдары туралы 2014 жылғы 23 сәуірдегі № 199-V


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 12.12.2018

Қазақстан Республикасының Iшкi iстер органдары туралы
5-бап. Ішкі істер органдарының құзыреті

Ішкі істер органдары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өздеріне жүктелген міндеттер шегінде: 

1) құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтауға, зерделеуге, жоюға бағытталған шаралар кешенін жүзеге асырады; 

2) қоғамдық тәртіпті сақтау жөніндегі шаралар кешенін жүзеге асырады; 

3) жол жүрісіне және оның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асырады; 

4) азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының айналымына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады; 

5) күзет қызметі саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады; 

6) мемлекеттік күзетілуге жататын жеке тұлғалар мен объектілерді күзетуді жүзеге асырады; 

7) террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуының жай-күйін бақылайды; 

8) азаматтық, халықтың көші-қоны және босқындар саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады; 

8-1) халықтың көші-қоны саласындағы ведомствоаралық үйлестіруді жүзеге асырады; 

8-2) көші-қон процестерін мониторингтеуді, талдауды және болжауды жүзеге асырады; 

8-3) көші-қон процестерін реттеу және мониторингтеу саласындағы шаралар жүйесін әзірлейді; 

9) жеке басты куәландыратын құжаттарды дайындауды, сондай-ақ Жеке сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімін жүргізуді жүзеге асырады; 

10) лицензия және рұқсат беру қызметін жүзеге асырады; 

11) әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша іс жүргізуді жүзеге асырады; 

12) қылмыстық құқық бұзушылықтарды ашуды және тексеруді жүзеге асырады; 

13) жедел-iздестiру қызметiн және жасырын тергеу әрекеттерін жүзеге асырады; 

14) зерттеулерді жүзеге асырады; 

15) іздестіруді жүзеге асырады; 

16) есірткі, психотроптық заттар, прекурсорлар айналымы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды және олардың заңсыз айналымына және оларды теріс пайдалануға қарсы іс-қимылды жүзеге асырады; 

17) қылмыстық процеске қатысушы адамдарды мемлекеттік қорғауды жүзеге асырады; 

18) қылмыстық-атқару қызметі саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады, адамдарды ішкі істер органдарының арнаулы мекемелерінде ұстауды жүзеге асырады; 

19) мемлекеттік қызметтер көрсетеді; 

20) халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады; 

20-1) азаматтық қорғау саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады; 

21) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады. 

Ескерту. 5-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 04.07.2014 № 233-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 16.04.2018 № 147-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 ...3 4 5 6 7 ...25

Перейти к статье






Добавить комментарий к 5-бап Қазақстан Республикасының Iшкi iстер органдары туралы 2014 жылғы 23 сәуірдегі № 199-V