Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Әскери полиция органдары туралы

Әскери полиция органдары туралы
12-бап. Арнайы құралдарды және дене күшiн қолдану



Ст. 12 Әскери полиция органдары туралы 2005 жылғы 21 ақпандағы N 32



1. Әскери полиция органдары қызметкерлерiнiң дене күшiн және арнайы құралдарды, оның iшiнде күрестiң жауынгерлiк тәсілдерін, кiсендердi, резеңке таяқтарды, үй-жайларды ашатын, көлiктi мәжбүрлеп тоқтататын құралдарды, қызметтiк иттердi, сондай-ақ тiзбесiн Қарулы Күштер саласындағы орталық мемлекеттік органдардың, ұлттық қауіпсіздік және Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы органдарының бірінші басшылары айқындайтын арнайы көлiк құралдарын қолдануға мына жағдайларда: 

1) әскери қызметшiлердi, басқа да адамдарды олардың өмiрi мен денсаулығына қатер төндiретiн шабуылдан және өзге де әрекеттерден қорғауға, өзiн-өзi қорғауға;  

2) әскери бөлiмдердегi жаппай тәртiпсiздiктiң, сондай-ақ әскери қызметшiлердiң қоғамдық тәртiптi және әскери тәртiптi топтасып бұзуының жолын кесуге;  

3) әскери қалашықтарға, объектiлерге, құрылыстарға, үй-жайларға, ғимараттарға және әскери көлiк құралдарына жасалған шабуылды тойтаруға немесе оларды басып алған жағдайда босатуға;  

4) егер құқық бұзушылардың қашып кетуi, айналадағыларға немесе өзiне зиян келтiруi мүмкiн деп пайымдауға жеткiлiктi негiздер болса, оларды әскери бөлiмдерге және гауптвахтаға жеткiзу, ұсталған, күзетпен қамауға алынған адамдарды айдауылмен алып жүру және күзету үшiн, егер олар әскери полиция қызметкерлерiне, әскери тәртiптi сақтау және қоғамдық тәртiптi қорғау жөнiнде өздерiне жүктелген мiндеттердi орындайтын өзге де адамдарға бағынбаса немесе қарсылық көрсетсе, құқық бұзушыларды ұстауға құқығы бар.  

2. Айналадағылардың өмiрi мен денсаулығына қатер төндiретiн шабуыл, топтасқан шабуыл жасаған не қарулы қарсылық көрсеткен жағдайлардан басқа кезде, әйелдерге, мүгедектiк белгiлерi анық бiлiнiп тұрған адамдарға және жас балаларға қатысты арнайы құралдар мен дене күшiн қолдануға тыйым салынады.  

3. Әскери полиция қызметкерлерiнiң кiсi өлiмiне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соқтырған арнайы құралдар және дене күшiн қолдануының әрбiр жағдайы туралы әскери прокурор дереу хабардар етiледi.

 Ескерту. 12-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 10.01.2015 № 275-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен. 
4-тарау. ӘСКЕРИ ПОЛИЦИЯ ОРГАНДАРЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРIНIҢ
КАДР ҚҰРАМЫ, ӘЛЕУМЕТТIК ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚОРҒАЛУЫ

Статья 1 ...10 11 12 13 14 15 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 12-бап Әскери полиция органдары туралы 2005 жылғы 21 ақпандағы N 32