Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Әскери полиция органдары туралы

Әскери полиция органдары туралы
8-бап. Әскери полиция органдарының құқықтары



Ст. 8 Әскери полиция органдары туралы 2005 жылғы 21 ақпандағы N 32




Әскери полиция органдары өздерiне жүктелген мiндеттердi орындау үшiн өз өкiлеттiктерi шегiнде және заңмен белгiленген тәртiпте:

1) әскери қызметшiлерден, әскери жиындардан өту уақытында запастағы азаматтардан, сондай-ақ әскери бөлiмдердiң, құрамалардың, мекемелердiң азаматтық қызметтегi адамдарынан өздерiнiң қызметтiк мiндеттерiн орындауға байланысты қоғамдық тәртiптi, әскери нысанды киiм киiп жүру ережелерiн сақтауды, құқыққа қарсы iс-әрекеттердi және әскери полиция органдарының мiндеттерi мен функцияларын жүзеге асыруға кедергi келтiретiн iс-әрекеттердi тоқтатуын талап етуге;

2) әскери қызметшiлер және әскери жиындардан өту уақытында запастағы азаматтар, ал әскери бөлiмдер (әскери объектiлер) және гарнизондар аумақтарында өзге де адамдар құқық бұзушылықтар жасаған кезде олардың жеке басын куәландыратын құжаттарын тексеруге, құқық бұзушылықты тоқтатуды қамтамасыз ететiн шаралар қолдануға;

3) iс жүргiзудегi материалдар мен қылмыстық iстер бойынша әскери қызметшiлердi және өзге де азаматтарды әскери полиция органдарына шақыруға, олардан түсiнiктемелер, құжаттар немесе солардың көшiрмелерiн алуға, жауап алуға және өзге де тергеу iс-әрекеттерiн жүргiзуге, сондай-ақ дәлелсiз себеппен келуден жалтарған адамдарды заңда белгiленген тәртiппен күштеп әкелуге;

4) қылмыстық құқық бұзушылықтың жасалуына күдікті, сондай-ақ анықтау, алдын ала тергеу органдарынан немесе соттан жасырынып жүрген айыпталушы немесе сотталушы әскери қызметшiлердi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен ұстап алуға;

5) осы баптың 4) тармақшасында аталған, ұсталған адамдарға жеке тексеру жүргiзуге, олардың заттарын, құжаттарын, көлiк құралдарын тексеруге, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен заңсыз айналымдағы заттарды алып қоюға;

6) әскери тәртiптi немесе қоғамдық тәртiптi өрескел бұзған әскери қызметшiлердi ұстауға және әскери полиция органдары мекемелерiне немесе қызмет атқарып жатқан жерiне жеткiзуге;

7) Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес әскери қызметшiлерге, әскери жиындардан өту уақытында запастағы азаматтарға қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша iс жүргiзудi жүзеге асыруға;

8) әскери қызметшiлер, сондай-ақ әскери жиындардан өту уақытында запастағы азаматтар жасаған тәртiптiк терiс қылықтар туралы материалдарды әскери бөлiмдердiң тиiстi командирлерiнiң (бастықтарының) қарауына беруге;

9) Қазақстан Республикасының қылмыстық-процестік заңнамасында белгiленген өкiлеттiктер шегiнде сотқа дейінгі тергеп-тексеру ісін жүргiзуге;

10) азаматтардың қауiпсiздiгiне қатер төндiретiн қылмыстық құқық бұзушылықтардың жасалуына сезiктi адамдарды қудалау кезiнде азаматтардың тұрғын үйiне және өзге де үй-жайларына, оларға тиесiлi жер учаскелерiне, мемлекеттiк органдардың және ұйымдардың аумағына және үй-жайларына (шет мемлекеттердiң және халықаралық ұйымдардың дипломатиялық иммунитетi бар өкiлдiктерiнен басқа) кедергiсiз кiруге және оларды қарап шығуға не онда қылмыстық құқық бұзушылық жасалған немесе жасалып жатыр деуге жеткiлiктi негiздер бар болған жағдайда, соңынан бұл туралы жиырма төрт сағат iшiнде прокурорды хабардар етуге;

11) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген талаптарды сақтай отырып, мемлекеттік органдардан және ұйымдардан іс жүргізуіндегі қылмыстық iстер бойынша ақпарат пен материалдарды кедергiсiз және өтеусiз алуға;

12) өз құзыретi шегiнде әскери қолбасшылыққа және өзге де лауазымды адамдарға қылмыстар мен құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететiн мән-жайларды жою жөнiнде ұсыныстар енгiзуге;

13) қызмет мақсатында кезек күттiрмейтiн жағдайларда байланыс құралдарын орналасқан жерiне және кiмге тиесiлiгiне қарамастан пайдалануға;

14) әскери бөлiм орналасқан жердi өз бетiмен тастап қаруымен кеткен әскери қызметшiлердi iздестiру және ұстау жөнiндегi ic-шараларды жүргiзу кезiнде құқық қорғау органдарымен келiсе отырып бақылау-өткiзу пункттерiн дербес орнатуға;

15) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен және жағдайларда, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң, басқа да әскерлерiнiң және әскери құралымдарының көлiк құралдарын ұстауға, алкогольмен, есiрткiмен және уытқұмарлықпен масаң күйдегi адамдарды әскери көлiк құралдарын басқарудан шеттетуге және оларды медициналық тексеруге жiберуге;

16) қылмыстық құқық бұзушылықтың жасалуына күдiктi адамдарды ұстау жөнiндегi шараларды жүргізу кезiнде, сондай-ақ адамдардың өмiрi мен денсаулығына қатер төндiретiн мән-жайлар кезiнде жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органмен келiсу бойынша көшелердiң, автомобиль жолдарының жекелеген учаскелерiнде және басқа да аумақтарда көлiктің және жаяу жүргiншiлердің жол жүрісін шектеуге немесе оған тыйым салуға;

17) әскери көлiк құралдарының колонналары өткен уақытта жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органмен үйлесiмдi түрде автомобиль жолдары мен көшелерде жол жүрісін реттеуге, осы колонналарға және арнайы мақсаттағы көлiк құралдарына iлесiп жүрудi ұйымдастыруға және қамтамасыз етуге;

18) әскери бөлiмдер мен әскери мекемелерде жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi бақылау және профилактикалық iс-шараларының орындалуын тексеруге;

18-1) әскери бөлімдер мен әскери мекемелерде әскери қызметшілердің Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасының талаптарын сақтауын тексеруге;

19) өзге мүмкiндiктер болмаған кезде оқиға болған жерге бару, шұғыл медициналық көмекке мұқтаж әскери қызметшiлер мен азаматтарды емдеу мекемелерiне жеткiзу үшiн әскери көлiктi пайдалануға;

20) әскери полиция органдары ұстап алған не тергеуде және сотта жатқан әскери қызметшілерді ұстау үшін не қамаққа алуды қолдану үшін арнайы үй-жайы – гаупвахтасы болуына;

21) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің əскери полиция органдары өздеріне жүктелген міндеттерді орындау үшін құзыреті шегінде Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің əскери бөлімдеріндегі тəуліктік наряд қызметін, ішкі жəне гарнизондық қызметтерді ұйымдастыруға ішкі бақылауды жүзеге асыруға құқылы.

Бұған қоса, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің әскери полиция органдары Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарында жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі бақылау және профилактикалық іс-шаралардың орындалуын тексеруге құқылы.

Ескерту. 8-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2008.05.26 N 34-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.07.10. N 177-IV; 13.01.2014 N 159-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 17.04.2014 № 195-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі), 03.07.2014 № 227-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 04.07.2014 № 233-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 18.11.2015 № 411-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 13.06.2017 № 69-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2017 № 83-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.


Статья 1 ...7 7-1 8 9 10 ...15 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 8-бап Әскери полиция органдары туралы 2005 жылғы 21 ақпандағы N 32