Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 9 Әскери полиция органдары туралы 2023 жылғы 14 наурыздағы № 205-VII


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 05.03.2024

Әскери полиция органдары туралы
9-бап. Уəкілетті органдардың құзыреті

1. Қорғаныс министрлігі: 

1) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері көлік құралдарының жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері əскери полиция органдарының қызметін ұйымдастыру қағидаларын; 

2) əскери көлік құралдарының жəне арнайы мақсаттағы көлік құралдарының колонналарына ілесіп жүруді ұйымдастыру жəне қамтамасыз ету, автомобиль жолдары мен көшелерде осы колонналар өтетін уақытта жол жүрісін реттеу қағидаларын; 

3) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері əскери полиция органдарының гауптвахтасындағы ішкі тәртіптеме жəне онда күдіктілер мен айыпталушыларды ұстау қағидаларын; 

4) əскери қызметшілердің Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері əскери полиция органдарының гауптвахтасында əкімшілік қамаққа алуды өтеу қағидаларын; 

5) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері əскери полиция органдарының гауптвахтасындағы ішкі тәртіптеме жəне онда сотталғандарды ұстау қағидаларын; 

6) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери полиция органдарының гауптвахтасында ұсталатын әскери қызметшілерді (әкімшілік қамаққа алынған әскери қызметшілерден басқа) гауптвахтадан тыс жерде күзету және алып жүру (айдауылмен алып жүру) қағидаларын; 

7) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери полиция органы бойынша кезекші жанындағы уақытша ұсталғандарға арналған үй-жайлардың қызметін ұйымдастыру қағидаларын және олардағы ішкі тәртіптеменің үлгілік қағидаларын; 

8) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің əскери полиция органдары патрульдік-бекеттік қызметінің жұмысын ұйымдастыру қағидаларын; 

9) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері əскери полиция органдарының қауіпсіздік шараларын жүзеге асыру қағидаларын; 

10) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің əскери полиция органдары əскери қызметшілерінің қызметтік əдеп қағидаларын; 

11) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде əскерлер қызметін ұйымдастыру қағидаларын; 

12) қылмыстық процесті жүргізетін органдардан жасырынып жүрген, сондай-ақ əскери бөлімді (мекемені) немесе қызмет орнын өз бетінше тастап кеткен Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің əскери қызметшілерін іздестіруді ұйымдастыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді. 

2. Ұлттық қауіпсіздік комитеті: 

1) əскери қызметшілердің Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті əскери полиция органдарының гауптвахтасында əкімшілік қамаққа алуды өтеу қағидаларын; 

2) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті əскери полиция органдарының патрульдеуді ұйымдастыру жəне жүргізу қағидаларын; 

3) ұлттық қауіпсіздік органдарының көлік құралдарының және арнаулы мақсаттағы көлік құралдарының колонналарына ілесіп жүруді ұйымдастыру және қамтамасыз ету, автомобиль жолдары мен көшелерде осы колонналар өтетін уақытта жол жүрісін реттеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді.  

3. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі: 

1) Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының әскери полиция органдары арнаулы көлік құралдарының тізбесін; 

2) Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының механикалық көлік құралдарын және олардың тіркемелерін мемлекеттік тіркеу қағидаларын; 

3) Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының әскери полиция органдарында тіркелген механикалық көлік құралдарына және олардың тіркемелеріне міндетті техникалық қарап-тексеру жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді. 

3-тарау. ӘСКЕРИ ПОЛИЦИЯ ОРГАНДАРЫ ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТШІЛЕРІНІҢ ДЕНЕ КҮШІН, АРНАУЛЫ ҚҰРАЛДАР МЕН ҚАРУДЫ ҚОЛДАНУЫ

Статья 1 ...7 8 9 10 11 ...18

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте


Добрый день! Подскажите пожалуйста, положена ли мне компенсация за неиспользованный отпуск если я не вышла на работу после декрета и меня уволили?


Банк второго уровня установил высокие процентные ставки.Я по острой необходимости подписал Договор с банком.По истечении 5-6 месяцев по состоянию здоровья и ухудшения материального положения. обратился в Правление банка по снижению %ой ставки и пересмотру условия договора.Банк по сей день мне отказывает.Что можно предпринять в отношении Правления банка с моей стороны?



Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться