Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы
11-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау

Ст. 11 Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы 2006 жылғы 7 шілдедегі N 175


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 12.04.2018
Ескерту. Тақырыпқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 

1. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау жеке және заңды тұлғалардың, сондай-ақ мемлекеттiк органдардың ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауын қамтамасыз етуге бағытталған. 

1-1. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың және мемлекеттік табиғи-қорық қоры объектілерінің жай-күйіне, күзетілуіне, қорғалуына және пайдаланылуына мемлекеттік бақылау мен қадағалауды уәкілетті орган жүзеге асырады. 

2. Мемлекеттiк табиғи-қорық қорының объектiлерiн күзету, қорғау, молықтыру және пайдалану саласындағы экологиялық талаптардың сақталуына мемлекеттiк бақылауды қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган жүзеге асырады. 

Ескерту. 11-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

3-тарау. ЖЕКЕ ЖӘНЕ ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ ЕРЕКШЕ ҚОРҒАЛАТЫН
ТАБИҒИ АУМАҚТАР САЛАСЫНДАҒЫ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МIНДЕТТЕРI

Статья 1 ...9 10 11 12 13 ...85

Перейти к статье






Добавить комментарий к 11-бап Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы 2006 жылғы 7 шілдедегі N 175