Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы
14-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың санаттары мен түрлерi



Ст. 14 Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы 2006 жылғы 7 шілдедегі N 175



1. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мемлекеттiк табиғи-қорық қоры объектiлерiнiң маңыздылығына байланысты республикалық немесе жергiлiктi маңызы бар санаттарға жатқызылады.

2. Республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құрылу мақсаттарына және қорғалу режимiнiң түрлерiне байланысты мынадай түрлерге бөлiнедi:

1) мемлекеттiк табиғи қорықтар;

2) мемлекеттiк ұлттық табиғи парктер;

3) мемлекеттiк табиғи резерваттар;

4) мемлекеттiк зоологиялық парктер;

5) мемлекеттiк ботаникалық бақтар;

6) мемлекеттiк дендрологиялық парктер;

7) мемлекеттiк табиғат ескерткiштерi;

8) мемлекеттiк табиғи қаумалдар;

9) мемлекеттiк қорық аймақтары.

3. Жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құрылу мақсаттарына және қорғалу режимiнiң түрлерiне байланысты мынадай түрлерге бөлiнедi:

1) мемлекеттiк өңiрлiк табиғи парктер;

2) мемлекеттiк зоологиялық парктер;

3) мемлекеттiк ботаникалық бақтар;

4) мемлекеттiк дендрологиялық парктер;

5) мемлекеттiк табиғат ескерткiштерi;

6) мемлекеттiк табиғи қаумалдар.

4. Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiмен ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың өзге де түрлерi көзделуi мүмкiн.

5. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды республикалық маңызы бар санатқа жатқызуды - уәкiлеттi органның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Yкiметi, жергiлiктi маңызы бар санатқа жатқызуды - уәкiлеттi органмен келiсе отырып, облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары жүргiзедi.

6. Заңды тұлға мәртебесi бар ерекше қорғалатын табиғи аумақты оның мәртебесiн төмендетуге әкеп соғатын бiр түрден басқа түрге ауыстыру, табиғи және (немесе) техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарынан оның ерекше құндылығы мен бiрегейлiгi сипатының iшiнара немесе толық жоғалуына байланысты жүргiзiледi.

Заңды тұлға мәртебесi бар ерекше қорғалатын табиғи аумақты оның мәртебесiн төмендетуге немесе арттыруға әкеп соғатын бiр түрден басқа түрге ауыстыру туралы шешiмдi жаратылыстану-ғылыми негiздеме жасалған  мемлекеттiк экологиялық сараптаманың оң қорытындысы негiзiнде:

1) республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар бойынша - уәкiлеттi органның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi;

2) жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар бойынша - уәкiлеттi органмен келiсе отырып, облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы қабылдайды.

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды «республикалық маңызы бар» санатынан «жергілікті маңызы бар» санатына ауыстыруға жол берілмейді.

 Ескерту. 14-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

Статья 1 ...12 13 14 15 16 ...85

Перейти к статье







Добавить комментарий к 14-бап Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы 2006 жылғы 7 шілдедегі N 175