Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 15 Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы 2006 жылғы 7 шілдедегі N 175


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 08.10.2018

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы
15-бап. Табиғат қорғау мекемелерiнiң құқықтық жағдайы

1. Мемлекеттiк табиғи қорықтар, мемлекеттiк ұлттық табиғи парктер, мемлекеттiк табиғи резерваттар, мемлекеттiк өңiрлiк табиғи парктер заңды тұлғалар болып табылады және мемлекеттiк мекеме нысанында құрылады. 

2. Табиғат қорғау мекемелерiне жер учаскелерi тұрақты жер пайдалану құқығымен берiледi. 

3. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда орналасқан үй-жайлар (құрылыстар және ғимараттар), тарихи-мәдени және басқа да жылжымайтын мүлiк объектiлерi табиғат қорғау мекемелерiне жедел басқару құқығымен берiледi. 

4. Табиғат қорғау мекемесiн қайта ұйымдастыру Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес жүргiзiледi.
Статья 1 ...13 14 15 16 17 ...85

Перейти к статье






Добавить комментарий к 15-бап Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы 2006 жылғы 7 шілдедегі N 175