Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 16 Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы 2006 жылғы 7 шілдедегі N 175


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 06.07.2018

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы
16-бап. Мемлекеттiк кәсiпорын нысанында құрылған табиғат қорғау ұйымдарының құқықтық жағдайы

1. Мемлекеттiк зоологиялық парктер, мемлекеттiк ботаникалық бақтар және мемлекеттiк дендрологиялық парктер заңды тұлғалар болып табылады және мемлекеттiк кәсiпорын нысанында құрылады. 

2. Мемлекеттiк кәсiпорын нысанында құрылған табиғат қорғау ұйымдарына жер учаскелерi тұрақты жер пайдалану құқығымен берiледi. 

3. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда орналасқан үй-жайлар (құрылыстар мен ғимараттар), тарихи-мәдени және басқа да жылжымайтын мүлiк объектiлерi мемлекеттiк кәсiпорын нысанында құрылған табиғат қорғау ұйымдарына шаруашылық жүргiзу немесе жедел басқару құқығымен берiледi. 

4. Мемлекеттiк кәсiпорын нысанында құрылған табиғат қорғау ұйымдары өздерiнiң мiндеттемелерi бойынша өзiнiң иелiгiндегi ақшамен жауаптылықта болады. 

Мемлекеттiк кәсiпорын нысанында құрылған табиғат қорғау ұйымдарының қалған мүлкiн өндiрiп алуға жол берiлмейдi. 

5. Мемлекеттiк кәсiпорын нысанында құрылған табиғат қорғау ұйымдарын қайта ұйымдастыру Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес жүргiзiледi.
Статья 1 ...14 15 16 17 18 ...85

Перейти к статье






Добавить комментарий к 16-бап Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы 2006 жылғы 7 шілдедегі N 175