Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 2 Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы 2006 жылғы 7 шілдедегі N 175


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 18.07.2018

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы
2-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасы

1. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мен мемлекеттiк табиғи-қорық қорының объектiлерi саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады. 

2. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жер қойнауын, суларын, ормандарын және өзге табиғи ресурстарын пайдалану және қорғау жөнiндегi қатынастар осы Заңмен реттелмеген бөлiгiнде Қазақстан Республикасының арнаулы заңдарымен реттеледi. 

3. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мүлiктiк қатынастар, егер осы Заңда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасымен реттеледi. 

4. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгiленсе, онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.

Статья 1 2 3 4 ...85

Перейти к статье






Добавить комментарий к 2-бап Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы 2006 жылғы 7 шілдедегі N 175