Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы
27-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың мемлекеттiк кадастры

Ст. 27 Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы 2006 жылғы 7 шілдедегі N 175


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 12.04.2018
1. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың мемлекеттiк кадастры осындай аумақтардың құқықтық мәртебесi, олардың орналасқан жерi, көлемi мен шекарасы, географиялық координаттары, мемлекеттiк табиғи-қорық қоры объектiлерiнiң сандық және сапалық сипаттамасы, экологиялық, ғылыми, тарихи-мәдени, рекреациялық құндылығы, күзет режимiнiң түрлерi, нысаналы пайдаланылуы және рұқсат етiлген қызмет түрлерi туралы мәлiметтер жүйесiн қамтиды. 

2. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың мемлекеттiк кадастрының деректерi экологиялық желiнi қалыптастыруға негiз болып табылады және биологиялық саналуандылықты, бiрегей табиғи ландшафтарды сақтауды ескере отырып, жердi ұтымды пайдалануды және өңiрлердiң өндiргiш күштерiн орналастыруды жоспарлау кезiнде пайдаланылады. 

Ескерту. 27-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

5-тарау. ЕРЕКШЕ ҚОРҒАЛАТЫН ТАБИҒИ АУМАҚТАРДЫ КҮЗЕТУ ЖӘНЕ
ҚОРҒАУ, ЕРЕКШЕ ҚОРҒАЛАТЫН ТАБИҒИ АУМАҚТАРДЫҢ КҮЗЕТ
ҚЫЗМЕТI МЕМЛЕКЕТТIК ИНСПЕКТОРЛАРЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘРТЕБЕСI

Статья 1 ...25 26 27 28 29 ...85

Перейти к статье






Добавить комментарий к 27-бап Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы 2006 жылғы 7 шілдедегі N 175