Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы
28-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды күзету режимiнiң түрлерi



Ст. 28 Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы 2006 жылғы 7 шілдедегі N 175



Түрiне және функционалдық аймақтарға бөлiнуiне байланысты бүкiл ерекше қорғалатын табиғи аумақта немесе оның арнайы бөлiнген аймақтары мен учаскелерiнде мынадай күзет режимiнiң түрлерi енгiзiледi:

1) кез келген шаруашылық қызметке, сондай-ақ мемлекеттiк табиғи-қорық қорының табиғи кешендерi мен объектiлерiнiң табиғи жай-күйiн бұзатын өзге де қызметке тыйым салуды көздейтiн қорық режимi;

2) шаруашылық және өзге қызметтiң жекелеген түрлерiне белгiлi бiр мерзiмге немесе онсыз маусымдар бойынша толық тыйым салуды немесе шектеудi көздейтiн қаумалдық режим;

3) табиғи кешендердi шектеулi пайдалануды, сондай-ақ жер учаскелерiнiң меншiк иелерi мен жер пайдаланушылардың шаруашылық қызметтiң дәстүрлi түрлерiн мемлекеттiк табиғи-қорық қорының табиғи кешендерi мен объектiлерiне зиянды әсер етпейтiн тәсiлдермен және әдiстермен жүргiзуiн көздейтiн шаруашылық қызметтiң реттелмелi режимi.

Статья 1 ...26 27 28 29 30 ...85

Перейти к статье







Добавить комментарий к 28-бап Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы 2006 жылғы 7 шілдедегі N 175