Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 29 Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы 2006 жылғы 7 шілдедегі N 175


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 19.03.2024

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы
29-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды күзету және қорғау

1. Қоршаған ортаға зиянды әсерлердiң алдын алу және оларды жою мақсатында ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда күзету және қорғау жөніндегі іс-шаралар жүргізілуі мүмкін. 

2. Күзету жөніндегі іс-шаралар: 

1) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасын бұзушылықтың жолын кесу мақсатында аумақты қарауылдауды, оның iшiнде жер және әуе көлiгiн қолданып қарауылдауды; 

2) өрттердiң алдын алуды, оларды байқауды және сөндiрудi; 

3) суды ластанудан, былғанудан және сарқылудан күзетудi қамтиды. 

3. Қорғау жөніндегі іс-шаралар: 

1) судың зиянды әсерiнiң алдын алуды және жоюды; 

2) өсiмдiктердi қорғауды, зиянды жәндiктер мен орман аурулары ошақтарын дер кезiнде анықтауды және оларға қарсы күресудi, санитарлық және басқа мақсаттарда ағаш кесудi (жолдар салуға байланысты орман жолдарын тарту, өртке қарсы жыралар қазу кезiнде орманды тазарту); 

3) iндеттер мен эпизоотиялардың алдын алу мақсатында халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы мен ветеринариялық мониторингтi қамтамасыз етудi, жануарлар санын реттеудi; 

4) жердi эрозиядан қорғауды қамтиды. 

4. Өрттердiң алдын алу, оларды байқау және сөндiру Қазақстан Республикасының өрт қауiпсiздiгi саласындағы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң талаптарына сәйкес жүргiзiледi. 

5. Қорғау жөніндегі іс-шаралар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы күзет режимiнiң түрi ескеріле отырып, ғылыми ұйымдардың ұсынымдары негiзiнде және қарамағында осы аумақтар бар орталық немесе жергілікті атқарушы органдармен келісу бойынша жүргiзiледi. 

Ескерту. 29-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 02.01.2023 № 184-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Статья 1 ...27‑1 28 29 30 31 ...85

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

толық емес жұмыс уақыты бойынша еңбек шартына жыл сайынғы ақылы еңбек ақы төленеді ме?

Трудовой договор по совместительству смогу ли я получит ежегодный оплачиваемый отпуск?


здравствуйте 22.02.24. Составили протокол по 432-2 ст. Административное правонарушение . То что я как покурил бросил окурок на землю , но я не бросал его а положил на железное ограждения, и начал разгружать машину ,после собирался забрать и выбросить в урну, но подошли сотрудники, и составили протокол. Подскажите что делать. Я не подписывал протокол,а указал что не согласен





345 часть 3 получил ограничения свободы на 2 года 5 месяцев. Когда можно ходатайство подать, чтобы убрать ограничение свободы. Неше ай уакыт оту керек. Рахмет


Граждане и юридические лица должны действовать при осуществлении принадлежащих им прав добросовестно, разумно и справедливо, соблюдая содержащиеся в законодательстве требования, нравственные принципы общества, а предприниматели также правила деловой этики.

     Эта обязанность не может быть исключена или ограничена договором. Добросовестность, разумность и справедливость действий участников гражданских правоотношений предполагаются.


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться