Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы
31-бап. Табиғат қорғау мекемелерiнiң мемлекеттiк табиғи-қорық қорының табиғи кешендерi мен объектiлерiн қорғау

Ст. 31 Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы 2006 жылғы 7 шілдедегі N 175


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 20.04.2018
1. Табиғат қорғау мекемелерiнiң мемлекеттiк табиғи-қорық қорының табиғи кешендерi мен объектiлерiн қорғауды олардың штатына кiретiн күзет қызметiнiң мемлекеттiк инспекторлары жүзеге асырады. 

2. Табиғат қорғау мекемелерiнiң басшылары мен олардың орынбасарлары лауазымы бойынша бiр мезгiлде ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды қорғау жөнiндегi бас мемлекеттiк инспекторлар және бас мемлекеттiк инспекторлардың орынбасарлары болып табылады. 

Табиғат қорғау мекемелерiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң басшылары лауазымы бойынша аға мемлекеттiк инспекторлар болып табылады, осы бөлiмшелердiң мамандары, ғылыми қызметкерлердi қоса алғанда, лауазымы бойынша табиғат қорғау мекемелерiнiң мемлекеттiк инспекторлары болып табылады. 

Осы бапта көрсетiлген лауазымды тұлғаларға қойылатын бiлiктiлiк талаптары Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленедi.
Статья 1 ...29 30 31 32 32‑1 ...85

Перейти к статье






Добавить комментарий к 31-бап Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы 2006 жылғы 7 шілдедегі N 175