Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 32-1 Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы 2006 жылғы 7 шілдедегі N 175


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 05.03.2024

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы
32-1-бап. Қазақстан Республикасының Қызыл кітабы

1. Қазақстан Республикасының Қызыл кітабы Қазақстан Республикасының аумағындағы өсімдіктер мен жануарлардың сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген түрлерінің жай-күйі, оларды зерделеу, қорғау, өсімін молайту және орнықты пайдалану жөніндегі қажетті шаралар туралы мәліметтер жиынтығын қамтитын, өсімдіктер мен жануарлардың сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген түрлері тізбелерінің суреттермен безендірілген басылымы болып табылады. Қазақстан Республикасының Қызыл кітабы қазақ және орыс тілдерінде басып шығарылады, қажет болған кезде басқа тілдерде де басып шығарылуы мүмкін.  

2. Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына Қазақстан Республикасының аумағында құрлықта, суда, атмосферада және топырақта, Қазақстан Республикасының континенттік қайраңы мен айрықша экономикалық аймағында табиғи еркіндік жағдайында, тұрақты немесе уақытша өсетін өсімдіктердің (биік және аласа) және мекендейтін жануарлардың (омыртқалылар және омыртқасыздар) мынадай санаттағы түрлері (кіші түрлері, популяциялары) енгізіледі:  

1) жойылып бара жатқан (жойылып кету қаупі төнген немесе жойылып кеткен болуы да мүмкін);  

2) азайып бара жатқан (олардың саны жеткілікті дәрежеде әлі де көп, бірақ ол өте тез түрде азаюда);  

3) сирек кездесетін (шектеулі мөлшерде немесе өте шағын аумақтарда кездеседі);  

4) айқындалмаған (жеткілікті зерделенбеген, ал популяцияларының саны мен жай-күйі алаңдаушылық тудырады); 

5) қалпына келтірілген (түрлердің жай-күйі қауіптілік туғызбайды, бірақ олардың популяцияларын үнемі бақылап отыру қажет).  

3. Қазақстан Республикасының Қызыл кітабын жүргізуді уәкілетті орган бюджет қаражаты және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған басқа да көздер есебінен жүзеге асырады. 

Қазақстан Республикасының Қызыл кітабы қағаз және электрондық жеткізгіштерде ресми жариялануға (басып шығарылуға) жатады, сондай-ақ уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылады, өсімдіктер мен жануарлардың сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген түрлерінің суреттермен безендірілген Қазақстан Республикасы Қызыл кітабының материалдары бұқаралық ақпарат құралдарында, ақпараттық және өзге де басылымдарда жариялануы мүмкін. 

4. Өсімдіктер мен жануарлар түрлерін өсімдіктер мен жануарлардың сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген түрлерінің тізбелеріне және Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізу не олардан алып тастау жөнінде ұсынымдар әзірлеу үшін ведомствоаралық ботаникалық және зоологиялық комиссиялар құрылады. 

5. Қазақстан Республикасының Қызыл кітабы өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің мемлекеттік кадастрларының құрамдас бөлігі болып табылады. 

Ескерту. Заң 32-1-баппен толықтырылды - ҚР 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда – ҚР 02.01.2023 № 184-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 ...31 32 32‑1 33 34 ...85

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

13-бап

1. Әркiмнiң құқық субъектiсi ретiнде танылуына құқығы бар және өзiнiң құқықтары мен бостандықтарын, қажеттi қорғанысты қоса алғанда, заңға қайшы келмейтiн барлық тәсiлдермен қорғауға хақылы.

2. Әркiмнiң өз құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы қорғалуына құқығы бар.

3. Әркiмнiң біліктi заң көмегiн алуға құқығы бар. Заңда көзделген реттерде заң көмегi тегiн көрсетiледi.

Заң көмегі қажет болса көрсетілген номерларга коңырау немесе хабарламалалар жіберуге болады "WhatsApp"


Статья 13 Конституции РК

1. Каждый имеет право на признание его правосубъектности и вправе защищать свои права и свободы всеми не противоречащими закону способами, включая необходимую оборону.

2. Каждый имеет право на судебную защиту своих прав и свобод.

При необходимости прошу звонить или писать на номера указанных в профиле!!!


Подскажите пожалуйста. Что значит «с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортным средством сроком на 10/десять/лет»

Человека лишили водительских прав или его лишили права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами?

Приговор был такой:

………….. признать виновным в совершении уголовного правонарушения, предусмотренного ст. 345-1 ч.1 УК и назначить ему наказание в виде лишения свободы сроком 6/шеть месяцев, с отбыванием наказания в учреждении уголовно-исполнительной системы минимальной безопасности, с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами сроком на 10 /десять/ лет.

Избрать в отношении …………..., до вступления приговора в законную силу, меру пресечения в виде содержания под стражей, взяв под стражу в зале суда.

Срок наказания в отношении ……………. в виде лишения свободы, исчислять с момента взятия под стражу.




Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться