Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы
43-1-бап. Жекелеген мемлекеттiк табиғи қорықтардың күзет режимiнің ерекшеліктері



Ст. 43-1 Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы 2006 жылғы 7 шілдедегі N 175



1. Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығының аумағында Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы болған жағдайда биологиялық негіздеменің негізінде арнайы бөлінген учаскелерде, осы қорықтың күзету аймағында тұратын жергілікті халықтың мұқтажы үшін әуесқойлық (спорттық) балық аулауға жол беріледі.

2. Қорғалжын мемлекеттiк табиғи қорығының су айдындарында Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы болған кезде биологиялық негіздеме негізінде балықтың қырылуының алдын алу жөніндегі іс-шараларды жүргізуге жол беріледі.

Ескерту. Заң 43-1-баппен толықтырылды - ҚР 2010.01.21 № 242-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңымен, өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 
8-тарау. МЕМЛЕКЕТТIК ҰЛТТЫҚ ТАБИҒИ ПАРКТЕР ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТIК
ӨМIРЛIК ТАБИҒИ ПАРКТЕР

Статья 1 ...42 43 43‑1 44 45 ...85

Перейти к статье







Добавить комментарий к 43-1-бап Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы 2006 жылғы 7 шілдедегі N 175