Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы
46-1-бап. Туристік және рекреациялық қызметті жүзеге асыру үшін пайдалануға берілген мемлекеттік ұлттық табиғи парктер учаскелеріндегі объектілер құрылысы



Ст. 46-1 Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы 2006 жылғы 7 шілдедегі N 175



1. Туристік және рекреациялық қызметті жүзеге асыру үшін пайдалануға берілген мемлекеттік ұлттық табиғи парктер учаскелеріндегі объектілер құрылысы уәкілетті органның рұқсаты негізінде және уәкілетті органмен келісілген сызбаға (сызбалық жобаға) сәйкес әзірленген жобалау (жобалау-сметалық) құжаттама бойынша жүргізіледі.

2. Туристік және рекреациялық қызметті жүзеге асыру үшін пайдалануға берілген мемлекеттік ұлттық табиғи парктер учаскелерін құрылыс объектілеріне пайдалануға рұқсатты уәкілетті орган береді.

3. Жеке немесе заңды тұлғалардың өзіне туристік және рекреациялық қызметті жүзеге асыру үшін пайдалануға берілген учаскені пайдалану шартының қолданылу мерзімі өткен соң шарттың қолданылу мерзімін ұзартуға артықшылықты құқығы бар.

4. Туристік және рекреациялық қызметті жүзеге асыру үшін пайдалануға берілген учаскені және ондағы құрылыс объектілерін пайдалану құқығының ауысу мәселелері туристік және рекреациялық қызметті жүзеге асыру шартында айқындалады.

5. Уәкілетті органның жазбаша хабардар етуіне сәйкес құрылыс объектілері басқа тұлғаға берілген не шартта өзгеше белгіленген жағдайларды қоспағанда, туристік және рекреациялық қызметті жүзеге асыру үшін ұзақ мерзімді пайдалануға берілген жер учаскесін пайдалану құқығының ауысуына қарамастан, жеке және заңды тұлғаларға жүктелетін учаскені мемлекеттік табиғи-қорық қоры объектілерінің сақталуы мен қоршаған ортаны қорғау жөніндегі талаптардың сақталуын қамтамасыз ететін жай-күйге келтіру міндеті сақталады.

6. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке және заңды тұлғалар адам өмірі мен денсаулығы және қоршаған орта үшін қауіпсіз тәсілмен учаскелердегі объектілерді бөлшектеп, сыртқа шығаруға міндетті.

 Ескерту. Заң 46-1-баппен толықтырылды - ҚР 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

Статья 1 ...45 46 46‑1 47 48 ...85

Перейти к статье







Добавить комментарий к 46-1-бап Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы 2006 жылғы 7 шілдедегі N 175