Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 54 Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы 2006 жылғы 7 шілдедегі N 175


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 18.07.2018

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы
54-бап. Мемлекеттiк зоологиялық парктер ұғымы және оның негiзгi қызметi

1. Мемлекеттiк зоологиялық парктер - мәдени-ағартушылық, ғылыми, оқу және табиғат қорғау қызметiне, тектiк қорды сақтауға және әдеттегi, сирек кездесетiн және жойылып кету қаупi бар жануарлар түрлерiн жасанды орта жағдайында өсiруге арналған табиғат қорғау және ғылыми ұйым мәртебесi бар ерекше қорғалатын табиғи аумақ. 

2. Мемлекеттiк зоологиялық парктердiң негiзгi қызметiне Қазақстанның жануарлар дүниесiн сақтаудың, молықтыру мен пайдаланудың, дүниежүзiлiк маңызы бар Қазақстан фаунасының ресурстарын игерудiң ғылыми негiздерiн әзiрлеу жатады.
Статья 1 ...53‑1 53‑2 54 55 56 ...85

Перейти к статье






Добавить комментарий к 54-бап Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы 2006 жылғы 7 шілдедегі N 175