Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы
57-бап. Мемлекеттiк зоологиялық парктердi пайдалану ерекшелiктерi

Ст. 57 Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы 2006 жылғы 7 шілдедегі N 175


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 20.04.2018
1. Мемлекеттiк зоологиялық парктер ғылыми, мәдени-ағартушылық және оқу мақсаттарында пайдаланылады. 

2. Мемлекеттiк зоологиялық парктерде жануарларды, соның iшiнде Қазақстан Республикасының Қызыл кiтабына енгiзiлген жануарларды еріксіз және (немесе) жартылай ерікті жағдайларда ұстау және өсiру саласында ғылыми зерттеулер жүргiзiледi. 

3. Мемлекеттiк зоологиялық парктер ғылыми деректер банктерiн, қорлар, мұражайлар, лекторийлер, кiтапханалар мен мұрағаттар құруға, осы ұйымдар қызметiнiң мәселелерi бойынша ғылыми, ғылыми-көпшiлiк және басқа да әдебиет шығаруға құқылы. 

4. Мемлекеттiк зоологиялық парктердiң қосалқы шаруашылықтары, шеберханалары, зоологиялық дүкендерi мен осы ұйымдардың бейiнiне сәйкес келетiн, бiрақ олардың негiзгi қызметiне жатпайтын шаруашылық қызметi үшiн қажеттi басқа да объектiлерi болуына құқылы. 

Ескерту. 57-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 15.06.2017 № 73-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

11-тарау. МЕМЛЕКЕТТIК БОТАНИКАЛЫҚ БАҚТАР

Статья 1 ...55 56 57 58 59 ...85

Перейти к статье






Добавить комментарий к 57-бап Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы 2006 жылғы 7 шілдедегі N 175