Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы
6-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың күзетін қамтамасыз ету жүйесi



Ст. 6 Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы 2006 жылғы 7 шілдедегі N 175



Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың күзетін қамтамасыз ету жүйесiне:

1) Қазақстан Республикасының Үкiметi;

2) аумақтық бөлімшелері бар ведомствосын қоса алғанда, уәкiлеттi орган;

3) қарауында ерекше қорғалатын табиғи аумақтар бар орталық атқарушы органдар;

4) осы Заңмен және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарымен және заңға тәуелді актiлерiмен айқындалған өздерiнiң құзыретi шегiнде облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың өкiлдi органдары;

5) осы Заңмен және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарымен және заңға тәуелді актiлерiмен айқындалған өздерiнiң құзыретi шегiнде облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың атқарушы органдары;

6) табиғат қорғау ұйымдары;

7) ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың күзетін қамтамасыз ету саласындағы қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар кіреді.

Ескерту. 6-бап жаңа редакцияда - ҚР 2010.01.21 № 242-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңымен, өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

Статья 1 ...4 5 6 6‑1 7 ...85

Перейти к статье







Добавить комментарий к 6-бап Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы 2006 жылғы 7 шілдедегі N 175