Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 73 Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы 2006 жылғы 7 шілдедегі N 175


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 06.07.2018

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы
73-бап. Каспий теңiзiнiң солтүстiк бөлiгiндегiмемлекеттiк қорық аймағы

1. Едiл (Қазақстан Республикасының шегiнде) мен Жайық өзендерiнiң атыраптарын қоса Солтүстiк Каспийдiң шығыс бөлiгiнiң су айдыны Каспий теңiзiнiң солтүстiк бөлiгiндегi балық қорын сақтау мен бекiре тұқымдас және балықтың басқа да бағалы түрлерiнiң мекендеуi мен табиғи молығуына оңтайлы жағдай жасауға арналған мемлекеттiк қорық аймағына кiредi. 

2. Каспий теңiзiнiң солтүстiк бөлiгiндегi мемлекеттiк қорық аймағында Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексiнде белгiленген арнайы экологиялық талаптарды ескере отырып, балық шаруашылығын, су көлiгiн дамыту, мемлекеттiк геологиялық зерттеу, көмiрсутектi шикiзатты барлау және өндiру үшiн мүмкiндiктер қамтамасыз етiледi. 

Ескерту. 73-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2007.01.09 N 213 Заңымен.

16-тарау. МЕМЛЕКЕТТIК ТАБИҒИ-ҚОРЫҚ ҚОРЫНЫҢ ОБЪЕКТIЛЕРI

Статья 1 ...71 72 73 74 75 ...85

Перейти к статье






Добавить комментарий к 73-бап Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы 2006 жылғы 7 шілдедегі N 175